Факультет жаңалықтары




26.01.2011

«ХАБАР» АГЕНТТІГІНДЕ

«Бүгінде дәрігер өз жұмысын қалай атқарып отыр?»

Дәл осы сұрақ «Хабар» агенттігінің «Азамат-жастар парламенті» бағдарламасының негізгі тақырыбы болды. Халқымыз зор үміт артып отырған болашақ дәрігерлері студент-жастарымыз болғандықтан, бағдарламаға арнайы қонақ ретінде шақырылдық. Кураторлық жетекшілік ететін тобымыздан 10 студент алып «Хабар» агенттігіне асыға аттандық. Пікір-талас сайысында қазіргі дәрігерлердің жұмысы, көрсетіп жатқан емінің сапасы, халықтың оларға деген сенімі жөніндегі ойлар жан-жақты талқылады. Студияға халық денсаулығы жолында белгілі еңбек етіп жүрген азаматтар шақырылып, олардың жасалынып жатқан еңбектері жөніндегі әңгімелері тыңдалды. Пікір-талас барысында көптеген ұызу пікірлер айтылып, жақсы ұсыныстар айтылды. Студенттердің осы кештен алған әсерлері керемет болды.

«Осы бір күннен біздің түсінгеніміз бізге, яғни, болашақ дәрігерлерге халқымыздың мол сенім артып отырғандығы. Халқымыздың осы сенімін, тілектерін ақтау үшін, біз «дәрігер – ақ халатты абзал жандар» атына сай болуымыз үшін жақсы маман болып шығуға барынша күш салу. Халық денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп, алған біліміміз бен күш-жігерімізді халқымыздың денсаулығын жақсарту жолында сарп ету – біздің мақсатымыз», – дейді студенттеріміз. Осы кештен алған әсерлерін осылайша жеткізді.

 

К.Н. Джуланова

Жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті,

профессор

М.Т. Әділова

Жалпы гигиена және экология кафедрасының оқытушысы

Г.Булякбаева

Медико-профилактикалық факультетінің

2 курс студенті