Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебінің базасындағы семинар




28.03.2014

24 наурыз 2014 жылданбастапМайами Университетінің (США)  «Медициналық білім берудегі зерттеулер» Гордон орталығының визитинг профессорлары  проф. RossJ.Scalese и IlyaShekhter және оқытушыларымен  семинар басталды.
Апталық семинардың тақырыбы «Симмуляциялық оқыту әдістерінің жақсаруы (Improving Simulation Instructional Methods, ISIM)».
Бірінші күн АМДБЖИ тәжірибелік орталығының базасында өтті. ХАРВЕЙ кардиопульмонология жаттығу бөлмесінде өткен оқыту жұмыстары көрсетілді.
ҚазҰМУ Тәжірибелік дағдылар орталығында өтіп жатқан семинар – тренинг мынадай тақырыптарды қамтыды: медициналық көмек пен қызметтегі имитациялық үлгілеуді тәжірибеде қолдану, сценарийларды өңдеу,  стандартталған емделушілер, студенттерді бағалау,  симуляцияны қолданудың жетістіктері үшін жағдай жасау, топтық жұмыс.
Семинардың қатысушылары ЖММ, дипломнан кейінгі білім беру кафедраларының 55 оқытушысы, ҚазҰМУ резиденттері.
Бұл семинар клиникалық медицинадағы симуляциялық технологиялар бойынша сертификатталған жаттықтырушы – оқытушыларды даярлаудың бірінші кезеңі болып табылады.

Университетті дамыту институтының әкімшілігі.