Хабарландыру! Күзгі Бал!




10.09.2013

Құрметті С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары, қызметкерлері!

«Ұстаздар күніне» орай ұйымдастырылып отырған  «Күзгі Бал»  мерекесіне  қатысуға асығыңыздар! 

Университет оқытушыларын және қызметкерлерді  вальс, (танго) билерін үйренуге шақырамыз!

«Күзгі Бал»  ҚазҰМУ қызметкерлерінің  тербеле билеген Вальс  биімен ашылады. Осы тамаша  сәтті  қалт жібермеңіздер!

Өздеріңіз жайлы тапсырылатын анықтамада аты-жөндеріңізді, кафедра, модуль,  ұялы телефондарыңызды толық көрсетулеріңізді сұраймыз.

Сіздерді  «Күзгі Бал» мерекесінде түрлі байқаулар, ойындар күтеді.

Би университет  хореографының қойылымымен дайындалады. Биге қатысуға жұбыңызбен бірге келіңіз. Вальс биіне қатысушылар  тізімдері  12 қыркүйекке дейін   аудитория корпусының  109-шы  бөлмесінде орналасқан  Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқармасының көркемдік жетекшісі С.А.Апсаттароваға тапсырылады. Балетмейстермен   кездесу   «Concordiа» театрында 11-ші кыркүйек күні сағат 16.00 де өткізіледі.

Дресс-код

Ханымдар: Кешкі ұзын көйлек, ақ перчатка.

Мырзалар: Қара костюм шалбар, фрак, ақ перчатка, бабочка.

Біз Сіздерді асыға күтеміз!

 

Хабарласу ішкі телефоны:  7158; 7160; 7799