ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨКІЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН «ҚАЗҰМУ-ДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ» V ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ» ҚАРАРЫ




10.06.2015

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨКІЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН

 «ҚАЗҰМУ-ДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ:

ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ»

V ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ»

ҚАРАРЫ

 

 2015 жылдың 28-29 мамырында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да  дәстүрлі «ҚАЗҰМУ-дың МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ: ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ» халықаралық өкілдердің қатысуымен V ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияның мақсаты: ҚазҰМУ-дың Медициналық білім беру моделін әрі қарай жүзеге асырудың жаңа мақсаттарын және бағыттарын айқындай үшін жетіктіктерді талдап, сараптау, қорытынды жасау, оқытушылардың, сондай-ақ білім алушылардың тұлғалық өсуін, өзін-өзі  дамытуын кәсіби негізде оңтайландыру арқылы оны жетілдірудің жаңа басым бағыттарын анықтау.

Конференция міндеті:

– Медициналық білім беру моделінің түлектердің кәсіби құзіреттілігін, сонымен қатар клиникалық ойлау дағдыларын қалыптастырудағы рөлін талдау;

–  Медициналық білім беру моделін жүзеге асыру барысындағы оқытушының рөлін бағалау;

– білім беру үдерісінің сапасын арттыру және оны дамытудың тетіктерін сараптау;

– С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Медициналық білім беру моделін әрі қарай дамыту және жетілдірудің басым бағыттарын анықтау.

Конференция өткізудің негіздемесі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бағдарламасында Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік беретін институтционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша нақты қадамдарды анықтап берді. «100 нақты қадам» елімізге «2050-стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады».

Мемлекет басшысы Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының шешуші бірнеше векторларын нақты айқындады, бұлар ішіндегі ең басты тетіктердің бірі білім беру дамыту, бәсекеге қабілетті, жоғары кәсіби мамандар даярлау және білім беру секторының экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өзінің Медициналық білім беру моделін әзірлеп, оны 2009 жылдан бері табысты жүзеге асырып, оқытудың кредиттік білім беру жүйесіне сәйкес бакалавриаттың барлық деңгейіне енгізді. Өткен 5 жыл Университетіміздің 85 жылдық тарихына орасан зор үлес қосты. Жаңа мақсаттарды айқындау үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, қол жеткізілген жетістіктерге сараптамалық талдау жүргізетін уақыт келді. Осы конференцияда әрі қарай дамудың негізгі бағыттары талқыланып, сондай-ақ жаңа мақсаттар мен басым бағыттар айқындалды.

Конференция жұмысына  С.М.Өмирбаев  – Білім сапасын қамтамасыз ету қазақстандық тәуелсіз агенттігі директоры (БСҚЕҚТАД),  Хандиллаева Б.М. – Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы, медициналық білім және ғылымды дамыту департаментінің бас сарапшысы,   Р.А. Алшанов – ҚР ЖОО қауымдастығының президенті, жоғары оқу орындарының және колледждердің өкілдері: Садуакасова Ф.Д. – Қазақ-Ресей медициналық университеті, ғылым, халықаралық қатынастар және кәсіби медициналық маман даярлау департаментінің аға ғылыми қызметкері (ҚРМУ), Каленова Б.С. – Қ.Сәтпаев атындағы ішкі аудит департаментінің бастығы, Досыбаев Б.К. – Оңтүстік-Қазақстан фармацевтика академиясының интернатура бөлімінің бастығы, Құлсариева А.Т.–  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры,  Кулембекова Л.А. және  Кусаинова А.Е. (Қазақ-Ресей медициналық университеті), Тульбасова Б.К. және Кадырбаева Б.А. (Абай атындағы ҚазҰПУ),  Аманов Т.И., Цой М.В., Маштахова С. (Алматы медицина колледжі); медициналық мекемелер және ғылыми орталық өкілдері: Кидирмагамбетов И.Л. ҚР ҚМ Әскери клиникалық госпитал бастығы, Шарипова М.Н.- Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары, Ташенова Г.Т.- Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Турсынмуратова Б.Е.- Іле аудандық ауруханасының бас дәргері,  Алиев А.А.– Ташкент қ., Қалалық балалар ауруханасы, Өзбекстан, университет оқытушылары және қызметкерлер; Аванесов В.С. (Ресей) – ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры;  ҚазҰМУ-дың визитинг-профессорлары: Евтушенко Е.Н. (Украина), Мейманалиев Т.С.  (Қырғызстан), Джеймс Эндрю (Канада), Кудайбергенова Т.А. (Қырғызстан), Чайковская В.В. (Украина), Конрад Юшкевич (АҚШ), Сидоренко О.В. (Австрия), Тернинко И.И. (Украина) және ҚазҰМУ оқытушылары және студенттер.

          Конференция жұмысына 300-ден астам қатысушы қатысты.

          Конференцияны құттықтау сөзімен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, м.ғ.д., профессор, Қазақ Ұлттық тағамтану академиясының президенті, академик  Т.Ш. Шарманов ашты.

          ҚазҰМУ ректоры А.Ақанов өз баяндамасында Университет алдындағы басым бағыттағы міндеттерге айрықша назар аударды: медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үш деңгейлік тоғыспалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оңтайландыру; білім беру үдеррісін кадрлық қамтамасыз ету; білім беру технологияларын жетілдіру; білім, ғылым дәне клиникалық интеграциясы; білім беру үдерісі менеджментін жетілдіру; студенттердің, оқытушы-профессорлардың және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру; медициналық және фармацевтикалық білімнің интернационализациясы; басқарушылық-ұйымдастырушылық буынды жетілдіру; студенттік ғылымды жетілдіру. Осыған орай ҚазҰМУ-дың медициналық білім беру моделін жүзеге асырудың жетістіктерін және басым бағыттарын ұсынды: «Webometrics» сайттар рейтингісі бойынша Университет сайты үздік деп танылды; Талдықорған және Қызылорда қалаларында ҚазҰМУ филиалдары, сондай-ақ АМСК  және қант диабеті орталықтары ашылды; 500 орындық университеттік клиника құрылды; материалдық-техникалық база күшейтілді – университеттің барлық ғимараты wi-fi-мен қамтылды; білім беру үдерісі дербес 4500 компьютер және ноутбуктермен қамтамасыз етілді (1:2), үздік студенттерге 1000 нетбук берілді; 482 шетелдік профессор сабақ берді; оқытушы-профессорлар қызметінің көрсеткіштер жүйесі енгізілді; «Университет қызметіндегі таланттар» бағдарламасы және жыл сайынғы «ҚазҰМУ-дың үздік оқытушы»; 2014 жылы импакт-факторлы журналдарда 91 мақала жарияланды, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 200-ден астам студент шетелге барып-қайтты; 300-ден астам оқытушы ағылшын тілі курсынан өтті. Ректор өз баяндамасында өткен бес жыл ішінде оқытушылар мен студенттер арасында жүргізілген 40-тан астам әлеуметтік сауалнама қорытындысының негізгі тетіктерін мәлімдеді. ҚазҰМУ медициналық білім беруін дамытудың басым бағыты Назарбаев университеті моделінің тәжірибесіне сәйкес кезең бойынша трансформация болып табылады.

          Білім сапасын қамтамасыз ету қазақстандық тәуелсіз агенттігі директоры С.М.Өмірбаев «Ереван коммюникесі – 2015 контексіндегі жоғары білім брудің заманауи тренді» баяндамасында Болон декларациясының ұстанымдары, Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі үрдістерінің жандануы және жаһандануы барысы туралы мәлімдеді. Сонымен қатар жаңа өлшемдер Болон үдерісі ұстанымдарын қайта қарауды талап ететіндігін баяндады.

          ҚР ЖОО қауымдастығының президенті  Р.А. Алшанов құттықтау сөз сөйлеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар әзірлеу ісіне орасан зор үлес  қосқан университет қызметкерлеріне А.Байтұрсынов атындағы медалдарды: ҚазҰМУ ректоры, м.ғ.д., профессор А.Ақановқа алтын медаль, ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор, м.ғ.д., профессор Б.А.Рамазановаға және м.ғ.д., профессор У.И.Кенесариевке, м.ғ.д., профессор  А.С.Ракишеваға,  м.ғ.д., профессор А.А.Шортанбаевқа күміс медаль, м.ғ.д., профессор  Б.Х. Хабижановқа,  м.ғ.д., профессор У.К.Джумашевқа қола медаль табыс етілді.  

Конференцияның алғашқы күні ОӘЖД директоры М.Абированың, ҚазҰМУ визитинг-профессоры, фармацевтика ғылымдарының докторы Е.Н.Евтушенко (Украина), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу үдеісі бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Н.Ашкееваның, Д.Драппер атындағы коммуникативтік дағдылаы орталығының директоры М.Асимовтың, медицина ғылымдарының докторы, ҚазҰМУ профессоры Р.С.Бегимбетованың баяндамаларында ҚазҰМУ-дың Медициналық білім беру моделін жүзеге асырудың басым бағыттары және қол жеткізілген айшықты жетістіктер зерделенді.

Университетттің «Жалпы медицина», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінің студенттері Ф.Нұрмұрадова, А.Адилова, М.Есмұратова пікірталасқа белсене қатысып, пікірлерімен бөлісті.

Конференцияның 2 күні «Медициналық білім беру моделін жүзеге асыру барысындағы оқытушының рөлі» панелдік сессиясында ҚазҰМУ-дың ОТЖ жөніндегі проректоры Қ.А.Төлебаев, «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының профессоры  Б.Турдалиева, «ВИЧ-инфекция және инфекциялық бақылау» модулінің профессоры Ж. Нугманова, ҚазҰМУ-дың Х.Насыбуллина атындағы Педагогикалық шеберлік мектебінің директоры Р.Юсупов, ҚазҰМУ-дың адам ресурстары басқармасының бастығы А.Карибаева баяндама жасады. Білім беру үдерісі менеджментін жетілдіру мәселелері қарастырылып, өзін-өзі басқару жобасы және қызметтің шешуші көрсеткіштері (КПД) сияқты оқытушы-профессорларды ынталандырудың түрлі тетіктері және тәсілдері талқыланды.

          Конференция барысында 29 кафедра/модуль «Клиникалық ойлауды қалыптастыру мәселелері» тақырыбында 11 постерлік баяндама, «Білім беру үдересі сапасын дамыту және арттыру тетіктері» тақырыбында 26 WEB баяндама ұсынылды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевтың «Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін жетілдіру» баяндамасы WEB-сессияның шешуші жарияланымы болды.

          Ұсынылған баяндамаларда төмендегідей мәселелер қарастырылды: клиникалық ойлауды қалыптастыру, оқу үдерісінің технологияларын кредиттік білім беру жүйесіне сәйкестендіру, кафедралардың өзін-өзі басқаруы, визуалдық диагностика жетістіктері және оның басым бағыттары, бірлескен білім беру бағдарламаларын енгізу, қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, эндокринология кафедрасында элективті пәндерді оқыту тәжірибесі, токсикологиялық химияны оқытудың бейіндігі, шет  тілдерін оқытудың заманауи аспектілері, оқытудың интерактивтік әдістері және т.б.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ҚазҰМУ-дың Медициналық білім беру моделін жетілдіруді жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Осыған орай, Университет алдындағы жаһандық міндеттер айқындалды:

  • Қазақстан жоғары оқу орындары рейтингінде жетекші орындарға ие болу арқылы Ұлттық тұрғыда танылу (мойындау);
  • Университеттердің әлемдік QSWUR рейтингіне кіру және WEBOMETRICS рейтингінде жетекші орындарға ие болу арқылы халықаралық танылу;
  • Білімді (жоғары оқу орны), ғылымды (ҒЗИ, ҒО) және практиканы біріктіретін, Білім-ғылым консорцимуын құру;
  • Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша вертикалдық бағыттағы интеграциялық үш деңгейлі үйлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • «Зерттеу арқылы оқыту» бағдарламасын әрі қарай дамыту;
  • ҚазҰМУ филиалдарымен бірлесе отырып дуалдық білім беру жүейсін дамыту;
  • Үш тілде білім беретін оқытушыларын буын қалыптастыру;
  • Ағылшын тілінде білім беру жүйесіне көшуді кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарын әзірлеу;
  • ҚазҰМУ-дың құрылымдық бөлімдерінің өзін-өзі басқару жобасын жүзеге асыру арқылы білім беру үдерісі менеджментін жетілдіру;
  • Білім алушылардың даярлықтың барлық кезеңінде құқықтық құзіреттілігін дамытуының тәсілдерін және тетіктерін қалыптастыру;
  • «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегінің тұлғалық өсу моделін қалыптастыруды» әрі қарай жүзеге асыру;
  • ОПҚ құзіреттілігі моделін әзірлеу және кезең бойынша енгізу;

Конференция ҚазҰМУ-дың Гиппократ алаңындағы Көктемгі балдағы әсем әнге тербелген, көктем вальсімен аяқталды.

Шешім жобасы:

  1. «ҚазҰМУ медициналық білім беру моделі: жетістіктері және басым бағыттары» V мамыр конференциясының қарары бекітілсін.
  2. «ҚазҰМУ медициналық білім беру моделі: жетістіктері және басым бағыттары» V мамыр конференциясының қарарын жүзеге асыру жоспары әзірленсін.

Жауаптылар: ОӘЖД, ОД директорлары, БББК, құрылымдық бөлім бастықтары.

Мерзімі: 2015 жылдың 15 маусымы.