Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфренция «Ғылым, білім және тәжірибе интеграциясы»




18.04.2011

Пресс-релиз

2011 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфренция «Ғылым, білім және тәжірибе интеграциясы» –сапалы денсаулық сақтау атты тақырыпта өтеді.

Конференцияның өткізілуі ғылыми бағыттағы халықаралық бірлестікті ұлғайту, білім, жаңа технолгия және жас ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлерді қосымша ғылыми зерттеулерді дамытуға қызықтыру үшін арналған. Конференцияда ҚХР мен Қырғызстан Республикасының өкілдері қатысады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жас ғалымдар, шекаралық басқарудың және денсаулық сақтау департаментінің, медициналық Жоғары оқу орындарының,Республикалық ғылыми орталықтары мен клиникалардың, қоғамдық ұйымдардың, фармакологиялық компаниялардың өкілдері және ғылыми бағытқа қызығушылық танытатын Қазақстан жоспары қатысады.

Өткізілу уақыты: 2011 жылдың 21 сәуірдің. Сағат 09.00.

Өткізілу орны: С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Даңқ залында.

Мекен –жай: Алматы қаласы, Толе би көшесі, 94, Ректорат, 2 қабат.