Харьков қаласындағы Ұлттық Фармацевтикалық Университетінде өткен оқу-тәжірибелік практика




14.02.2011

2010 жылдың 22 сәуірі мен 1 мамыр аралығында Украинаның Харьков қаласындағы Ұлттық Фармацевтикалық Университетінде өткен оқу-тәжірибелік практика жайлы ақпарат беруге рұқсат беріңіздер.

Бірінші күн Университет ректоры Валентин Петрович Черныхпен кездесумен басталды.Кездесу барысында Университет және оның құрылымымен таныстық.

Тәжірибе негізінен екі кафедраларда өтілді:

  • Фармацияны ұйымдастыру және оның экономикасы кафедрасы – өз алдына жеке кафедра, жетекшісі профессор Немченко А.С.. Бұл кафедрада практикалық сабақтарға, дәрістерге қатыстық, оқу құралдарымен таныстық. №11 дәріханада рецепттерді қабылдаумен, ДЗ дұрыс орналастыру, сақтау, босату бойынша барлық құжаттармен тәжірибе барысында таныстық.

Көтерме сауда бойынша ДЗ босатумен айналысатын Еуропа бойынша ДЗ-мен   қамтамасыз етуден ІІІ, Украина бойынша І орындағы “Альба – Украина” фирмасының жұмысымен таныстық.

  • Фармациядағы маркетинг және менеджмент кафедрасы – өз алдына жеке кафедра, жетекшісі профессор Мнушко З.Н.. Практика барысында дәрістерге қатыстық, фармация нарығындағы маркетингтік жағдайларға арналған ситуациялық есептер шығардық. Маркетингтік зерттеулерді іс жүзінде көру үшін “Аптека 95” көтерме фирмасында болдық.

Фармацевтикалық факультет студенттері практика барысында өз білімін жоғары дәрежеде көрсетті.

Мәдени іс-шаралар жүйесі бойынша “Қазақ-Тәжік-Украин” халықтарының достастық кеші өтіп, қазақ мәдениетін жоғары дәрежеде көрсеттік. Достастық кешінде қазақтың салт-дәстүрлерін көрсететін шағын көрме, қазақтың ұлттық биі, беташар, бата беру, ұлттық тағамдар дайындалды.

Достастықты нығайту мақсатнда С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ аллеясы ашылып, алма ағаштары отырғызылды.

Практика барысында пайда болған ұсыныстар:

1)  Келесі мамандықтар бойынша жеке оқытуды ұйымдастыру:

– фармакоэкономика

– клиникалық фармация

– өндірістік фармация

– маркетинг және менеджмент

– логистика

– 1С бухгалтерия.

2)  Профессорлар мен оқытушылар құрамы өз деңгейіне сай болуы керек, яғни алыс және жақын шетелдегі фармацевтикалық оқу орындарында біліктілігін жетілдіру.

3)  Практикалық базаларды кеңейту – студенттердің оқу-өндірістік практикаларын алыс және жақын шетелдегі оқу орындарының базаларында өткізуге мүмкіндік жасау.

4)  Университет аймағында студенттердің өзі жұмыс істейтін дәріхана ұйымдастыру.

5)      ФЭжҰ кафедрасында студенттер жаттығатын дәріхана бұрышын құру. Дәріхана

бұрышын қассалық аппаратпен, сканермен, дәрі-дәрмек макеттерімен және 1С бағдарламасы бар компьютерлермен жабдықтау.

6)  Семинар сабақтарында студенттердің дайындығын алдын ала тексеруге арналған компьтерлік тестілеу бағдарламаларын ұйымдастыру.

7)  Фармацевтикалық фирмалармен аудиторияларды безендіру жөнінде келісу.

8)  Кітапхана базасын жаңартып, университетте оқулық шығаратын типография ұйымдастыру.

9) Университеттің әр студентін электронды түрде дискіге жазылған барлық әдістемелік нұсқаулар және әдебиеттермен қамтамасыз ету.

10) Ботаника және фармакогнозия пәндерінен университет аймағында дәрілік өсімдіктер бағын ұйымдастыру.