ХОШ КЕЛДІҢ МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ




31.03.2016

28.04.15.ж. Валеология модулінің №4 аудиторияда «ХОШ КЕЛДІҢ МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ» атты мерекелік кеші болып өтті.

Ұйымдастырушылар: Валеология модулінің ПОҚ мен ЖМ факультетінің 1 курс студенттері. Проф. Абишева З.С., оқыт. Исмагулова Т.М. –сценариын құрастырушылар. Даутова М.Б. – ойын мен дайындыққа жауапты, Искакова Ұ.Б. – наурыз көже, дастархан, Жетписбаева Г.Д., Раисов Т.К. – залды безендіру, Журунова М.С., Асан Г.Қ. – сыйлықтарға жауапты.

Мерекені өткізудің мақсаты: Ұлттық мерекені дәріптеу, студенттреге мерекелік көңіл-күй сыйлау, ұлыстың ұлы күнін атап өту. Жастарды ұйымшылдық пен патриодтыққа тәрбиелеу.

«ХОШ КЕЛДІҢ МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ» атты мереклік кеші 28.04.15 ж.  № 4 аудиторияда сағат 16 00– 18 00 аралығында болып өтті. Мереклік іс- шара  1 курс Жалпы медицина факультетінің студенттерімен бірігіп ұйымдастырылып, жүйелі түрде жүргізілді.

Сахна шар гүл, әр түрлі мерекелік ссуреттер мен слайдтармен безендірілді.  Мереклік іс –шараның басталуын, шымылдығын ашқан модулдің професссоры Райсов Т.К. бата берді. Валеология модулінің жетекшісінің міндетін атқарушы, профессор Абишева З.С. тілегін білдіріп, наурыз мерекесінің шашуын шашты. Ақ батадан кейін дастарханнан дәм татуға шақырылды. Валеология модулінің профессорлары мен студенттері ақ дастарханнан дәм татып, қасиетті наурыз көже ішті. Одан әрі мерекелік кеш жүргізілді. Студеннттер ән айтып, би билеп, жүректерінен шыққан өлең жоодарын оқып, күй тартты. Мереклік концерттің соңы «Жаса Қазақстан» әнімен аяқталды. Бүкіл заллдағы студенттер мен профессор, оқытушы қауымы орындарынан тұрып, қол соғып, ерекше кықылас білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.