Элективті пәндер

Негізгі бет » Элективті пәндер

 

Түлек моделі Бағдарлама паспорты Міндетті пәндер Элективті пәндер

 

Элективті пәндер:
  Ортодонтиядағы диагностика Пән диагностиканың заманауи әдістерін таңдауда клиникалық ойлауды қалыптастыруға, ортодонтияда арнайы зерттеу әдістерін меңгеруге және негіздеп қолдануға, ортодонтиялық диагнозды құру және негіздеу принциптерін қалыптастыруға бағытталған. 4
  Жақ-бет аймағының туа біткен кемістіктері бар балаларда тіс-жақ жүйесінің аномалияларын емдеу Пән жақ-бет аймағының туа біткен кемістіктері бар балалардағы тіс-жақ аномалияларын тексеру, диагностикалау, алдын алу және жақ-бет аймағының туа біткен кемістіктері бар балаларда ортодонттық конструкцияларды қолдануға көрсеткіштерді, қарсы көрсеткіштерді және тіс-жақ аномалияларын емдеу мерзімдерін анықтау бойынша клиникалық ойлауын және практикалық дағдыларын қалыптастырады. Коммуникация дағдыларын, кәсіби топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. 4
  Балалардағы самай-төменгі жақ буынының патологиясы кезінде тіс-жақ жүйесінің ауытқулары мен деформацияларын емдеу Пән стоматолог-дәрігердің самай-төменгі жақ буынының патологиясы бар балалар мен ересектерді тексеру, диагностикалау, алдын алу және емдеу бойынша клиникалық ойлауын және практикалық дағдыларын қалыптастырады. Ортодонттық аппараттармен емдеу әдістерін таңдау, механотерапия және миогимнастика тәсілдерін, коммуникация дағдыларын жетілдіреді, кәсіби топта жұмыс істеу дағдысын жетілдіреді. 4
  Стоматологиядағы медициналық құқық, менеджмент, маркетинг және аудит Пән стоматологиялық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды оқытады; стоматологиялық кабинеттің медициналық персоналын оқыту және еңбек қызметін басқарудың жүйелі тәсілдерін қарастырады. Ғылыми негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау, пациенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру және стоматологиялық клиниканың үздіксіз дамуы үшін ойластырылған стратегияларды әзірлеу, стоматологиялық көмектің сапасын бағалау қабілетін қалыптастырады. 4