«Күй атасы-Құрманғазы» атты әдеби- танымдық кеші   




19.11.2018

2018 жылы қарашаның 19күні І курс студенттерімен «Күй атасы-Құрманғазы» атты әдеби – танымдық кеш өткіздік. Кеш  қонақтары ретінде  деканат қызметкерлері мен тәрбие департаменті қызметкерлері және қазақ тілі кафедраларының оқытушылары, І курс студенттері шақырылды.

«Күй атасы-Құрманғазы» атты әдеби – танымдық кештің мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымыздың асыл мұраларын жас ұрпақтың санасына сіңіру, дәстүрлі күй өнерін дәріптеу, Құрманғазының қазақ музыкасына қосқан үлесін кейінгі ұрпаққа аманаттау.

Кеш барысында Қазақ халқының әйгілі күйшісі – Құрманғазы Сағырбайұлының күйзелісі мен толғанысын, қуанышы мен жұбанышын арқау еткен арынды күйлері домбырада өріліп, сол күйлерге билер орындалып, ұлы күйшіге арналған Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы» поэмасынан үзінділер оқылып, асқақтата ән шырқалды. Күй атасына байланысты видео, слайдтар көрсетіліп, буклеттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар мен қабырға газеттері ілінді.  Кеш жоғары деңгейде өтті.