«Көшбасшылық қабілетті дамыту»




28.02.2014

 «Көшбасшылық қабілетті дамыту»

 

Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті мен Д. Драпер атындағы Коммуникативтік дағдылар орталығының ұйымдастыруымен университеттің белсенді студенттеріне «Көшбасшылық қабілетті дамыту» бойынша тренингтер жүргізілуде.

2014 жылғы 24 ақпан күні Коммуникативтік дағдылар орталығының базасында «Ұйымдастырушылық-басқарушылық қабілет» бойынша үшінші тренинг өтті.

Тренингте келесі мәселелер қарастырылды: белгілі мақсат қоя білу, өзгерістерге икемділік, табандылық, жауапкершілік.

Айта кететін жайт, әр тренинг өзіндік тақырып және мазмұнымен ерекшеленеді.

Аталмыш тренингтер көшбасшылық қабілетті жетілдіруге, өз күшін барлық салада қолдануға, тәжірибе жинауға өз септігін тигізеді. Тренингке қатысушылар бір-бірімен ойларымен бөлісіп, жағымды әсерлерін жеткізеді.

Тренгинг екі тілде жүргізілуде.

IMG_2112 IMG_2121