Кафедра және модуль меңгерушілеріне арналған семинар өз мәресіне жетті




15.07.2013

Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті 2013 жылдың 25 маусым және 1 шілде аралығында жаңадан тағайындалған кафедра және модуль меңгерушілеріне арналған семинар ұйымдастырды. Университет қызметінің барлық қырын қамтыған семинар тақырыптары өзектілігімен ерекшеленеді. Оқу-әдістемелік, ғылыми және клиникалық жұмыстарын ұйымдастыруды талқылау қызу пікірталасқа ұласып, семинарға қатысушылар өзіндік пікірлерімен бөлісті. Тыңдаушылардың оқу үдерісін, оқу бағдарламасын, ғылыми және клиникалық жұмыстарды оңтайландыру бағытындағы пікірлері мен ұсыныстары ескеріліп, басты назарға алынды. Атқарылған жұмыстың нәтижесін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізілді. Семинарға шамамен 30-ға жуық тыңдаушы қатысты. Тыңдаушыларға оқу департаменті директорларының қатысуымен сертификат салтанатты түрде табыс етілді.

 

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар департаменті