Академиялық ұтқырлық аясында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 2014-2015 оқу жылында «MIVLANA» бағдарламасы бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 3,5 курс студенттерін «Эрзинджан» (Турция) университетіне білім алуға бағыттайды.
«Эрзинджан» университетінің өкілдері түрік тілін қаншалықты білетінін тексеру үшін 2 кезеңнен тұратын емтихан өткізді:
- Жазбаша сұрақтар;
- Ауызша сұрақтар.
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 50 талапкердің ішінен 10 студент іріктеу айналымына өтті:
- Умирханова Альфия Ардаховна
- Исмаилов Анвар Джамалович
- Юсупов Дилмурод Шухратович
- Султанбаева Жансая Темирболатовна
- Игембаева Кундыз Оразбековна
- Сейдлазым Меруерт Сағдадқызы
- Жульфаева Наиля Сайраповна
- Бахалов Ридван Мидрапджанкирович
- Кариева Сауле Сериковна
- Баширова Тамиля Анваровна
Академиялық жұмыстар департаменті