КазМСА-ҚазҰМУ студенттерінің мүмкіншіліктерді талқылау отырысы өтті




06.04.2016

КазМСА-ҚазҰМУ студенттерінің IFMSA Халықаралық Ассамблеясына қатысуы және ҚазҰМУ студенттері үшін ашылған жаңа мүмкіншіліктерді талқылау отырысы болып өтті.

2016 жылдың 31 наурыз күні ҚазҰМУ-нің кіші Конференц залында, КазМСА-ҚазҰМУ студенттерінің IFMSA Халықаралық Ассамблеясына қатысуы және ҚазҰМУ студенттері үшін ашылған жаңа мүмкіншіліктерді талқылау отырысы болып өтті. Жиналыстың мақсаты – ҚазҰМУ студенттері үшін КазМСА арқылы ашылған жаңа мүмкіншіліктерді талқылау. Жиналысқа студенттердің әлеуметтік-мәдени компетенциясын дамыту департаментінің директоры – Шыңғысбаев Л. С., Студенттердің өзін-өзі басқару бөлімінің қызметкерлері, КазМСА ұйымының негізін салушылар – Байзаханов Аслан, Кулмаганбетов Мухит, «Бірлік» кіші Ассамблеясының төрағасы Ризаев Рафаэль, ҚазҰМУ студенттік ұйымдарының төрағалары және КазМСА-ҚазҰМУ Жергілікті Комитетінің белсенді студенттері қатысты.

Жиналысты КазМСА-ҚазҰМУ жергілікті комитетінің директоры – Нарзулла Надир ашты және КазМСА жұмысы, IFMSA құрамы және де өткен Ұлттық IFMSA Ассамблеясы туралы ақпарат берді. Отырыс барысында Мальта мемлекетіне барып келген ҚазҰМУ студенттері – Ақерке Мастетбаева, Кулия Молдағалиева өз баяндамаларын ұсынды. Ақерке Мастетбаева КазМСА студенттерінің IFMSA арқылы қол жеткізетін мүмкіншіліктері, Шетел мемлекеттерімен тәжірибелік алмасуға болатын программалар, IFMSA студенттері үшін өткізілетін іс-шаралар және басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты орнату мәселелері туралы баяндады. SCOPE программалары бойынша клиникалық алмасулар туралы, оларды жүзеге асыру және Қазақстанда SCOPE-ні дамыту жолдары туралы Кулия Молдағалиева баяндады. Жиналыс соңында, Шыңғысбаев Лескен Сейдығалымұлы, Мухит Кулмаганбетов, Аслан Байзаханов студенттерді КазМСА ұйымында белсенділікке және IFMSA арқылы халықаралық байланыстарды орнатуға шақырды. Сөз соңында, КазМСА-ның жаңа жетістіктерімен құттықтай кетті.

КазМСА-ҚазҰМУ Жергілікті Комитеті шараға қатысқан барлық қатысушыларға шексіз алғыс білдіреді. КазМСА арқылы жоғары белестерге жетуге және университетіміздің беделін арттыруға шақырады.