Конференция «21-қыркүйек бүкіләлемдік Альцгеймер ауруымен күрес күні»




28.09.2018

2018 жылдың  21 қыркүйек күні  ҚазҰМУ-дың 5-дәрістік аудиторияда Жалпы медицина мектебі, Халықаралық медицина  факультеті және  Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұйымдастыруымен «21 SEPTEMBER WORLD DAY TO COMBAT ALZHEIMER’S DISEASE» орай конференция өткізілді. Конференцияның ұйымдастырылуына жауапты кафедраның оқытушылары Танеева Г.Т., Иманбай А.К., Толенова К.Д.

Іс-шараның мақсаты: Аурудың алдын-алу және өз денсаулықтарын сақтауда  салауатты өмір салтын мұрат еткен, жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу.

Конференцияда молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессоры Е.У. Куандыков «Генетика және денсаулық» тақырыбындағы баяндамасында генетиканың медицинадағы маңызына және оны білудің болашақ дәрігелерге қажеттілігіне тоқталды.

«Жалпы медицина» мамандығының студенттері келесі тақырыптарда баяндама жасады:

  1. Альцгеймер ауруының даму тарихы

Баяндамашы Айдархан Күнсұлу 18-014-01 ЖМ

  1. Альцгеймер ауруының таралу жиілігі (Қазақстан және әлем бойынша)

Баяндамашы Әбітаева Әсем 18-021-02 ЖМ

  1. Альцгеймер ауруының дамуына әсер ететін факторлар

Баяндамашы Уразалиев Тимур  -18-022-02 ЖМ

  1. Альцгеймер ауруының даму механизмі

Баяндамашы Ташев Диас 18-030-01a GM

Баяндамашы Али Еламан ОМ-18-027-02 , Жали Бернар,   Адылов Дарын ОМ-18-027-01

  1. Альцгеймер ауруының клиникалық белгілері

Баяндамашы Галиева Дания 18-021-02 ЖМ

  1. Қорытынды

Баяндамашы Тұрысбек Айым  -18-006-01 ЖМ

Конференцияға  Тәрбие бөлімінің өкілдері, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары және Жалпы медицина  мамандық студенттері қатысты.