KYUNG HEE UNIVERSITY медициналық орталығының дәрігерлер делегациясының С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – ға сапары




11.03.2014

Университетті дамыту институты ЖММ және Дипломнан кейінгі білім беру және аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі проректормен бірлесіп 2014 жылдың 7 наурызында KYUNG HEE UNIVERSITY медициналық орталығының дәрігерлер делегациясымен кездесті.

KYUNG HEE UNIVERSITY  1949 жылы негізін қалаған, Оңтүстік Кореяның жеке университеті болып табылады және Сеулде орналасқан. Университет әртүрлі білім беру бағыттары бойынша 23 колледжді қамтиды, соның ішінде, College of Natural Science, College of Human Ecology, College of Medicine, College of Oriental Medicine, College of Pharmacy, College of Nursing Science, College of Life Sciences.

 QS World University Rankings 2013 рейтингінде 255 орында орналасқан.

 QS University Subject Rankings  2014 ж. «Фармация» бағдарламасы бойынша ТОР-100 қатарына кірген.

QS  Asian University Rankings  2013 рейтингінде 35 орында орналасқан.

 

Кездесу Корей Республикасының Бас консулы Сон Чхи Кын (PhD) Қазақстан Республикасына ынтымақтастық келісім – шартына отыру аясында ұйымдастырылған.

Сапар бағдарламасы мыналарды қамтыды:

  1. Қант диабетінің 2 түрінің диагностикасы және шорбуынның дифференциалды диагностикасының мәселелері бойынша ЖММ кафедраларының оқытушылары, резиденттері және интерндері үшін дәрістер.
  2. ҚазҰМУ – дың KYUNG HEE UNIVERSITY ынтымақтастығының келешегін талқылау.

Кездесу қорытындысы

Проректор Нурманбетова Ф.Н., Университетті дамыту институтының директор орынбасары,  профессор Seung-Jae Hong, MD,PhD, Dr. Cho Joong Saeng, ҚР – дағы Корей Республикасының елшілігінің қызметкері Чо Ын Джон ханым мыналарды талқылады:

  • Университеттердің ынтымақтастық саласы;
  • KYUNG HEE UNIVERSITY – де  ҚазҰМУ оқытушыларына клиникалық білім беру мүмкіншіліктері;
  • Дипломнан кейінгі деңгейде жүзеге асатын оқу бағдарламалары;
  • Корей Республикасының профессорларының ҚазҰМУ – ға визитинг бағдарламасы бойынша сапары;
  • Телемедицина саласындағы ынтымақтастықтың келешегі.

ҚазҰМУ KYUNG HEE UNIVERSITY – мен  ынтымақтастық туралы келісім – шартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

2