ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН




14.03.2018

Жақсылықтың нышанындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ!

09.03.2018 ж. университетіміздің Кітапханасында қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының және СЖЖБ-ның ұйымдастыруымен  университет көлемінде

8-ші Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті.

          Кештің өтуіне жалпы медицина, фармация, фармациядағы өндіріс технологиясы факультеттерінің студенттері атсалысты.         

         Аталмыш кеште қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент

З.А. Абдуллина кіріспе сөз сөйлеп, Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі екендігін, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі екендігін, әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы екендігін айтып  өтті.
Кеш барысында танымал ақын-жазушылардың Ана туралы ой-толғамдары айтылып, ән шырқалды, күй тартылды, мың бұралған бишілердің өнерлері тамашаланды. Өлең-жырлар, монолог оқылды.

         Кештің өтуіне жауапты оқытушылар: доцент Ф.Б.Қожахметова, аға оқытушы Ж.С.Дәулетбекова, оқытушы А.Р.Абдықадырова.

        Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»,- дейді. Еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүрген әйел қауымына алғысымызды білдіреміз.

Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы – Ана екендігін есімізден шығармауымыз керек.