«Ұлы даланың – ұлы ақыны» атты кездесу кеші өтті




24.05.2016

18.05.16ж М.Мәметова атындағы дәрісханада

 Қазақ поэзиясының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған

 «Ұлы даланың – ұлы ақыны» атты кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Ж.Жабаевтың ақындық қызметі, шығармашылық жолынан

                   мәлімет беру.

                   Ақынның суырып салмалық қыры, айтыс өнеріндегі өзіндік

                   өнерін таныту, толғауларын үлгі ету.

Жүргізушілер: ЖМ факультетінің студенттері Қадыр Сүлеймен, Сенгырбай Жанель.

Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі кафедрасының доценттері З.А.Абдуллина, Р.Н.Дәрменқұлова, аға оқытушы А.Т.Рахымбаева және ЖМ СҮҰ.

Қазақтың халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабайұлының есімі бүгінде дүние жүзіне мәлім.

«Жамбыл – ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» деп Мұхтар Әуезов айтқандай Жамбылдын  жырлары, дастандары ғасырлардан ғасырға  ұласатын ұлағат. Кешке танымал жазушылар мен әншілер, қонақтар қатысты.

 Кештің бағдарламасы:

  1. «Жыр алыбы Жамбыл – 170 жаста»

Жүргізушілер Жамбылдың өмірі, шығармашылығы туралы слайд арқылы танытты.

  1. «Шежіре»

       Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы, жазушы, жамбылтанушы Нағашыбек Қапалбекұлы Жамбылдың ақындық шеберлігін, жырларын, дастандарын  әңгімелеп берді.

  1. «Жамбылдың маржан жырлары»

 Жамбылдың шөбересі Бекмұрат Жамбылов «Ақындарға арнау» термесін орындады

ЖМ 15-011-02 топ студенті Бақытжан Махсотов өзінің қаламынан туындаған  «Жамбылға арнау» өлеңін оқыды.

  1. «Өлшеусіз ақындық күш»

    М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., әдебиеттанушы, жазушы Нұрдәулет Ақыш сөз сөйлеп, ақынның импровизациялық дарынын паш етті.

Ақынның сатиралық өлеңдері, айтыстары туралы айтылды.

Студенттер Жамбылдың «Өтеген батыр»,  «Сұраншы батыр», «Көрұғлы»,  «Бақ, дәулет, ақыл» атты дастандарындағы ерлікті, батырлықты суреттеп берді.

Сонымен қатар, қонақтарға сұрақтар қойылды.

 Әнші Ермек Шаштаев Жамбылдың «Тоқсан бес» әнін орындады.

  1. «Жүз жасаған емен»

Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

 Студенттер жүз жасаған жыр алыбының өлеңдерін оқып, естеліктер айтты

ЖМ факультетінің 1курс студенті Қайрат Исламбаев Жамбылдың

«Сараң бай мен жомарт кедей» өлеңін оқыды.

  1. «Қорытынды»

 

  Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген Жамбылдың шығармашылығы тақырыпқа бай, мазмұңға толы. Жыр дүлділі Жамбылдың ұшан-теңіз жыр-дастандары, өлеңдері ғасырдан-ғасырға ұласатын ұлағат.  Жыр-ғұмыр 170 жаста!

Кеш қонақтары Жамбылдың кітаптарын табыс етті.

 Кешіміздің соңында  қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент

Зәуреш Абдрахметқызы сөз сөйлеп, қатысқан студенттерге сертификат берді.