Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толуына байланысты Шетел студенттер деканаты Гвардиялық-Панфиловшылар» саябағына барды




24.02.2015

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толуына байланысты 2015 жылдың 21 ақпан күні Шетел студенттер деканаты, 14-054 (1, 2) және 14-056 (1, 2), тобы студенттері мен Раева А.Н., Отарбаева А.Б. тьюторлары «28 Гвардиялық-Панфиловшылар» саябағына барды.

Іс- шара уақыты: 16.00

Өту орны: «28 Гвардиялық-Панфиловшылар» саябағы.

 

Жеңіс күні көптеген алматылықтар, оның ішінде соғыс ардагерлері мен тыл қызметкерлері, қала жастары ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтары да «28 Гвардиялық-Панфиловшылар» саябағына 1941-1945 жж. Ұлы отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алып, Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қоюға келеді.

2015 жылы 21 ақпан күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ шетел студенттері деканаты студенттері «28 Гвардиялық-Панфиловшылар» саябағындағы Мәңгілік алауға, Даңк мемориялына гүл шоқтарын койып, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлікпен қаза тапқан солдаттарға құрмет көрсетті.

Тьюторлар студенттергеҰлы Отан соғысы кезінде солдаттардың ерлігі туралы мәліметтер айтып,орталық республикалық «ҚР ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінен келтірілген ақпаратпен бөлісті. Мысалы: қазіргі таңда Қазақстанда  6 мың Ұлы Отан Соғыс ардагері тұрады. Тылға 1,3 миллион адам жіберіліп, олардан 410 мың қайтіп оралды. Барлығы 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50 ге жуық жеке полктар мен әртүрлі батальиондар құрылды, олардың ішінде 3 кавалериялық дивизия мен 2 атқыштар бригадасы тек қана қазақ ұлты өкілдерінен құралды. Ұлы Отан Соғысы кезіндегі ерлігі үшін 499 қазақстандық олардың ішінде 99 қазақ Кеңес Одағы Батыры – Халық Қаһарманы атағына ие болды. Олардың қатарында екі қазақ қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова «Кеңес Одағы Батыры» атағына ие болды. 110 қазақстандық 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Іс-шара барысында студенттер «28 Гвардиялық-Панфиловшылардың»Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігіне тәнті болғандарын айтып, Ұлы Отан Соғысы жайында өз білімдерімен бөлісті.