Ұлы Жеңіске 70 жыл!




04.05.2015

Ұлы Жеңіске 70 жыл!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және  тыл еңбеккерлері!

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары, қызметкерлері  және студенттері!

9 Мамыр Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойы мерекесімен және 7 Мамыр-Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға зор денсаулық, ашық аспан, бейбіт өмір тілейміз.

Соғыс жылдарында көрсеткен ерлік пен даңқ мәңгі біздің жадымызда!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Үстіміздегі 2015 жылдың 6 Мамыр күні сағат 11.00-де университетіміздің «Concordia» театрында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына және 7 Мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған

салтанатты жиын және мерекелік концерт өткізіледі.

Барлықтарыңызды осы мерекелік жиынға қатысуға шақырамыз.

Бағдарламада:

I-Бөлім 11-00-12.00

  1. Салтантты жиын. «Concordia» театры.
  2. Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының концерттік бағдарламасы.

II-Бөлім 12.00-12.15

  1. Әскери кафедрасы. Курсанттар шеруі. Гиппократ алаңы.

III-Бөлім 12.15-12.30

1.Даңқ алаңы. ҰОС қаза тапқан батыр-медиктер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.

2.Ескерткіш сурет.

IV-Бөлім 12.30-14.30

1.Университет асханасында Ұлы Отан соғысы  ардагерлері мен  тыл еңбеккерлері құрметіне арналған мерекелік дастархан мәзірі.

  1. ҚазҰМУ студенттерінің құттықтау концерттік бағдарламасы.

Құрметпен:

Университет әкімшілігі

ҚазҰМУ қызметкерлер кәсіподақ комитеті

                                             Студенттердің әлеуметтік мәдени құзыретін дамыту департаменті

Жастар мәдени шығармашылығы орталығы