«Ұлыстың ұлы күні Наурыз» атты факультеттік сабақтың есебі




29.05.2018

24.03.2018 жылы «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасының оқытушылары Кайракбаева Г.С., Рыспанова А.А, Қыдырмолдина Э.Т.«Ұлыстың ұлы күні Наурыз» атты факультеттік сабақ өткізді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді наурыз тарихымен таныстыру, Қазақстанда Наурыз мейрамы  достық және махаббат құнарлығын бейнелейді. Бұл күні адамдар ұлттық киімдер киеді, туған-туыстарына және жақындарына қонаққа барады және ізгі тілектерін білдіреді. Бұл іс шараның танымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Мерекелік кешке ФӨТ, жалпы медицина факультет студенттері қатысты.

Бұл іс шара студенттердің қызығушылығын тудырып, іс шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және студенттердің шығармашылық әлеуеттігі мен тілдік құзіреттілігін дамытуда осындай іс шараларды өткізудің қажеттілігін атап айтты.

Зав. кафедрой, доцент                   Сулейменова О.Я.