Мәншүк Мәметованың 90 жылдығына орай №1 жатақханада ұйымдастырылған “Қаһарман қызы қазақтың” атты дөнгелек үстелдің есебі




01.10.2012

Бұл дөнгелек үстелдің   №1 жатақхананың   оқу залында өтті, сағат 18.00-19.30

Кіріспе сөз

Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел батырлыры Отанымыздың байтақ жерін, ақ сүт берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын,парасатты данасын қорғады. Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қыздарымыз бен қаһармандарымыз әрқашанда ел есінде, оларды еске алып, құрмет көрсету  біздің парызымыз.

Қайта келмес өзеннің толқынындай,

Қайталанбас алау оттың жалынындай!

Қайта тумас қазақтың дарасындай,

Қазақта қайсар қыз бар дәл осындай!

Тіс емдеу  факультетінің студенті Көбеков Сағындық  «Жұмыр қылыш» күйін орындады.

№7 жатақханамыздың студенттері: Оспанова Азиза «О жизни Маншук », Азиз Найм «О воине Маншук», Әли Сина «Память о Маншук» атты баяндамаларына  болды. Бұл әрине біздің бабаларымыздың ерен еңбегін жырлайтын жас ақындарымыз.

№2 жатақханамыздың студентері Ауезханова Назкен, Садуақасов Шынғыс, №3 жатақхана студенті Келдібек Тоғжан, №4 жатақхана студенттері Орынбек Балғаным, Ақатаева Перизат, №1 жатақхана студенті Арунова Арайлым, №5 жатақхана студенті  Өміртай Шапағат секілді  жас ақындарымыздың шығармашылық  еңбектерін тамашаладық.

№2 жатақхананың өнерлі студенттерінің  орындауында Мәншүктің ерлікке толы ғұмырынан сыр шертетін көрініс тамашаладық.

Ректорымыз  Ақанов Айқан Ақанұлының  қолдауымен біздің университетіміздің студенттері мен оқытушысы Мәншүк Мәметованың кіндік қаны тамған жері  – Оралға,   жатқан жері   Невел қаласына  іс-сапарға барып , қаһарман қызымыз жайлы бейнефильм түсіріп, көптеген мәліметтер жинаған болатын.  Сапарға барып келген әскери кафедрасының  аға оқытушысы  Лесбаев Әлімхан Тазабекұлына, тіс емдеу факультетінің студенттері Сметов Ғани Ғалымұлына, Исабекова Самал Серікқызына сөз берілді.

Бұл  іс-шараны ұйымдастырған  СӘМҚДБ жетекші мамандары : Акчина Г.М.,

Мошанов С.А.