«Махаббат бұл……» атты іс-шара өткізілді




29.04.2016

 23.04.2016 жылы латын тілі модулінде ЖМ 1-курс 004-2,044-2,029-2 топтарының студенттері мен аға оқытушылар: Жантасова С.У., Шойбекова А.Ж., Нурмуханбетова Б.Н .«Махаббат бұл……»

атты  іс-шара  өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан жастарға махаббаттың мәңгілік екенін дәлелдеу. Өмірдегі екі жас бірін-бірі шынайы сүйсе, бұл түбінде жеңіске жететінін жеткізу. Әрине, ол үшін тәрбиенің маңызы зор. Ол – отбасы, сыртқы орта. Егер отбасында жақсы тәрбиемен өскен жастар сыртқы ортаның жағымды жақтарын бойына сіңіріп өссе, махаббаттың мәңгілігі  сонда .    «Білімді болу үшін, алдымен тәрбиелі болу керек », –

Әл Фараби . Іс-шарада жақсы поэзия, өлеңдер, әндер, би және сахналық көріністер орындалды. Студенттер өз өнерлерін өте жоғары деңгейде көрсете білді. Іс-шара үш тілде жүргізілді. Мұның өзі жастардың бүгінгі өмірге сай білім алып, тәрбиеленіп, өсіп келе жатқанын көрсетеді.

“Ubi Concordia – ibi victoria”-  “Келісім қайда – жеңіс сонда”.

Латын тіліндегі қанатты сөз текке айтылмаған.