Медицинадағы адамзаттың ұлы ашылулары




21.11.2018

20.11.2018ж 11.00де тілдерді оқыту кафедра кітапханасының оқу залында «Медицинадағы адамзаттың ұлы ашылулары» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға жауапты болған кафедраның аға оқытушысы Токпанова А.А. және аға оқытушы Бердалиева Т.К. Іс-шараға тілдер оқыту кафедрасының  оқытушылары, ТФП факультетінің 1-курс студенттері(18-015-01, 18-015-02, 18-001-01, 18-001-02 топтар) және Индияның студенттері қатысты.

ТФП18-015-1 және ТФП18-015-2 тобының студенттері медицина саласындағы адамзаттың ұлы ашылулары жайлы баяндаған болатын. Балалар Андреас  Везалии, Гарвее, Рентген, Луи Пастер туралы презентациялар көрсетті. Адильханова Эльнура және Муталыпов Нурберген анестезия туралы кішігірім қойылым көрсетті. Студенттер Зубайдылда Айсулу, Базарбай Асель, Имангазы Медина, Айтбай Хадиша қан топтары және резус-фактордың ашылуы жайлы мультфильм , антисептик, пенициллин, инсулин туралы видеороликтер көрсеткен болатын. Студент  Мирзахметова Сайара витаминдердің ашылуы туралы айтты.

Сабақта көптеген көрнекі материалдар болды (вакцинация қажеттілігі туралы баннер, «Анестезия» постері, «Антисептика», «Пенициллин»  плакаттары).

Сабақтың соңында екі командаға бөлінген көрермендер кроссворд шешті.

Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, үлкен тәрбиелік мағынаға ие болып, студенттер медицинадағы жаңалықтар туралы қызықты деректер білді.