МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОО ТҮСЕТІН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ ЖАҢА ЖОБАСЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ




20.06.2014

 2014 жылғы 19 маусымда Қазақ Ұлттық медицина университетінде ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақановтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінің қатысуымен медициналық кадрлар дайындау және халыққа медициналық қызмет көрсетудің  сапасын арттыру мәселелеріне арналған пресс-конференция өтеді. Сондай-ақ, медициналық ЖОО түсетін талапкерлерге арналған қосымша емтихан – психометриялық тестілеуді енгізудіңжобасыұсынылады.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтауда жүзеге асырылып жатқан барлық өзгерістердің тиімді жүзеге асырылуының негізгі факторы кадрлық ресурстар болып табылатыны белгілі.

Үкімет салаларды білікті жұмыскерлермен қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды жүргізуде. Соңғы жылдары медициналық ЖОО-на қабылдауға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 5000 орынға жетті. Дәрігерлер дайындаудың жаңа бағдарламалары енгізілді. Дәрігерлер дайындаудың біліктіліктік тәсіліне негізделген жаңа бағдарламалары енгізілді. Профессор-оқытушылар құрамының оқытылуы шетелдерде, білім алу мен медициналық тәжірибенің жаңа технологияларымен, сондай-ақ ел ішінде осы саладағы шетелдік жетекші мамандарды шақыртуменқамтамасыз етілуде. Медициналық ЖОО-ң материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Соңғы жылдар ішінде барлық мемлекеттік ЖОО жанында клиникалық-оқыту орталықтары ашылып, заманауи жабдықтармен жарақталды. Базалық теориялық пәндерді оқу үшін заманауи зертханалық және медициналық жабдықтар сатып алынды. 2012 жылыҚазҰМУ және ҚММУ қарамағында ұжымдық пайдалануға арналған 2 ғылыми зертхана ашылды. 2012 жылғы шілдеде Білім мен дағдыны тәуелсіз бағалау республикалық орталығы ашылды, негізгі қызметі медициналық ЖОО, колледждердің, саланың машықтанушы мамандарының біліктілік деңгейіне сырттан баға беруді қамтамасыз ету болып табылады. Ашылған орталықтың әлеуетін арттыру үшін АҚШ-тық стратегиялық серіктес – Медициналық емтихан қабылдаушылардың ұлттық кеңесімен (NBME) ынтымақтастық басталды. Жақын арада ғана медициналық білім берудің тарихында алғаш рет еліміздегі барлық медициналық оқу орындарында 2006 жылғы ГОСО бойынша батыс елдердің білім беру жүйесінде қабылданған 5+2 (5 жыл – бакалавриат + 2 жыл – жеті мамандық бойынша интернатура: хирургия, терапия, педиатрия, акушерияжәне гинекология, жалпыдәрігерліктәжірибе, гигиена және эпидемиология, стоматология) жүйе бойынша білім алған түлектердің білімін тәуелсіз бағалау ұйымдастырылды. Тестілеуге 3041 адам қатысты.

Сонымен қатар, ЖОО қабырғасындағы сапалы дайындықты айқындайтын негізгі факторлардың бірі – «жақсы» студент болып табылады. Сондықтан, қабылдау жүйесі де өте маңызды, ол талапкерлердің тек академиялық білімін ғана емес, олардың медицинаға қабілеттілігінің сипатын да анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР медициналық ЖОО оқуға түсу талапкерлердің дәрігер мамандығына жарамдылығына қатысты тұлғалық қасиеті алдын ала бағаланбай, ҰБТ нәтижелерімен реттелетіні белгілі. Медициналық ЖОО түсетін талапкерлерге қойылатын талаптарды күшейту үшін Министрлік бірқатар шаралар жүргізуде. Яғни, осы жылы өту баллының деңгейі 65 дейін көтеріледі (ұлттық оқу орындару үшін 70 құрайды). Сонымен қатар, медициналық ЖОО түсетін талапкерлер үшін психологиялық тестілеу енгізу ұйымдастыру жоспарлануда.

Медициналық ЖОО түсу үшін арнайы іріктеу процедурасын енгізу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен қарастырылған. Және де 2013 жылғы желтоқсанда Премьер-Министрдің өкімімен Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудыңкадрлық ресурстарды дамыту бойынша 2013-2016 жылдарға арналғанкешенді іс-шаралар жоспары бекітілді, мұнда да медициналық оқу орындарына түсушілер үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, қосымша емтихан (кәсіби бейімділікті анықтауға арналған психометриялық тест) енгізу тапсырылған.

Бүгінде ҚР медициналық ЖОО үміткерлерді іріктеу ҰБТ нәтижелері бойынша жалпы негіздемелермен жүзеге асырылады. Аталған тәжірибе дайындығы жоқ, медициналық қызметкер үшін қажетті маңызды тұлғалық қасиеттері жоқ адамдардың медицинаға тап болуына алып келеді.

Ағымдағы жылы еліміздің медициналық ЖОО-да клиникалық мамандықтар бойынша 27 417 адам білім алып жатыр, оның ішінде 23 016 – грантта, 5257 – келісім бойынша.

Медициналық ЖОО білім алушылар контингентінің талдамасы алғашқы оқу жалдарында оқудан шығып кетудің жоғары пайызын (10-12%) көрсетіп отыр, негізгі себептері мамандық таңдауда қателесу болып табылады.

Медицинаға бейімділікті психосоматикалық тестілеу көптеген елдерде медицина факультеттеріне оқуға түсуге талапкерлерді, үміткерлерді іріктеу тәсілдерінің маңыздысының бірі болып табылады.

Медициналық оқу орындарында білім алуға кәсіби жарамдылықты қамтамасыз ететін талаптар кешенін келесілер айқындайды: оқуға жалпы дайындық, мінезінің ерекшеліктері, интеллектуалдық даму деңгейі, эмоциялық табандылық, денсаулығының және психикалық процестері дамуының дұрыс деңгейі, кәсіби маңызды қасиеттерінің қалыптасуы.

Психометриялықтестті пайдалану медицинаға деген мақсат пен қызығушылықты ғана емес, сондай-ақ кәсіби маңызы бар қасиеттерді, бейімділік пен қабілеттілікті де анықтауға мүмкіндік береді, яғни тек білім алуға ғана емес, әрі қарайғы еңбек қызметіне жарамды жастарды іріктеп алу болып табылады. Психометриялық тестілеу, сондай-ақ, логикалық дәлелдеуді, аналитикалық қабілеттерді, әлеуметтік бейімдікті және мінез-құлығын, мәселені жылдам шеше білуін, моральдық-этикалық қағидаларын бағалайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі психометриялық тестілеуді келесі негізгі кезеңдерде енгізуді жоспарлады:

1-кезең–медициналық оқу орнына түсетін талапкерлерді кәсіптік бейімділікке психометриялық тестілеу, дәрігерлік қызметке қабілеттерін анықтау үшін.  Негізгі мақсаты – талапкердің мінездемелік қасиеттерін ескере отырып, медициналық қызметтің: клиникалық және клиникалық емес бағытын ұсыну.

2 – кезең –интернатурада (педиатрия, акушерия және гинекология, хирургия, т.б.) мамандық таңдау үшін әрі қарайғы кәсіби траекторияны анықтау мақсатын көздейтін психометриялық тестілеу.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ҚазҰМУ базасы негізінде «Жалпы медицина» мамандығының 500 1 курс студенттеріне тұңғыш жобаны енгізу жоспарланды.

Психометриялықтестілеудің компьютерлік бағдарламасы қолданылатын болады. Психометриялық тестілеудің мазмұны мен құрылымын талқылау үшін Жұмыс тобы құрылады: ЖОО оқытушылары ішінен: психологтар, базалық (психология негіздері, коммуникативтікдағды, медбике ісі) және клиникалық пәндердің (терапия, жалпы дәрігерлік тәжірибе, хирургия, акушерия және гинекология, педиатрия; жұмыс берушілерден: емдеу-профилактикалық мекемелердің бөлім меңгерушілері (хирург, терапевт, акушер-гинеколог, педиатр), АМСК дәрігерлері (жалпы тәжірибе дәрігері),  емдеу-профилактикалық мекемесінің бас медбикесі; үкіметтік емес медициналық ұйымдардың өкілдері (ассоциациялар) оқытушылары.

Тұңғыш жоба нәтижесінде еліміздің барлық медициналық ЖОО-на таратылатын болады.

 

Қосымша анықтама

Дұрыс таңдалмаған мамандықтың теріс салдарлары адамның өзіне де, барлық қоғамға да әсер етпей қоймайды. Америкалық ғалымдардың есептеуінше,мамандықты дұрыс таңдау 2-2,5 есеге кадрлардың тұрақсыздығын азайтады, 10-15%-ға еңбек өнімділігін арттырады және 1,5-2 есеге кадрларды оқытудың құнын азайтады екен. Дәрігер мамандығы тұлғааралық қарым-қатынастың жоғары жиілігімен және қарқындылығымен эмоционалдық ауырлыққа, ақпарат көлемі шектеулі жағдайларда шешім қабылдай білуге байланысты талаптарды қояды. Дәрігердің кәсіби қызметін қалыптастыруда маңызы бар коммуникативтік копинг-ресурстар арасындаэмпатияға(аяушылық, уайымды, қайғыны түсіну қабілеті, пациенттің уайым әлеміне өзіндік психологиялық «еніп кетуі»), аффиляцияға(басқа адамдармен бірге болуға ұмтылу, тұлғааралық қарым қатынас жүйесіне қызығушылығы болу),эмоционалдық табандылық, адекватты қарым-қатынасы тұлғаға қиын және күйзелісті жағдайларды тиімдірек шешуге мүмкіндік беретін қабыл алмаушылыққа сенситивтіліккеайрықша мән беріледі.

Өзінің тікелей кәсіби міндеттерін орындаудан тыс, дәрігер науқастарына да, әріптестеріне де қажетті психологиялық көмекті бере білуі керек. ҚазҰМУ-да оқу процесі кезінде медицина студенттерінің оқудан шығып қалуының себебі талданған зерттеу жүргізілді. Медицина студенттерінің курстар бойынша «електен өтпеуінің» талдамасы дайындық бағытына қарамастан, ең көп жиілік алғашқы екі оқу курсына түсетінін көрсетті, бұл студенттердің бейімділігінің бұзылуының жанама критерийлерінің бірі болуы мүмкін. Студенттердің «електен өтпеуінің» жалпы құрылымында келесі себептер басым:

академиялық үлгермеушілік

өз қалауы бойынша кету

басқа себептер

 

ҚазҰМУ «Жалпы медицина» мамандығы студенттерінің «електен өтпеуіне» оқу жылдары бойынша мониторинг

 
           

Мамандықтар

Курстар

Оқу ж.ж.

Барлығы, оқудан шығарылды

Төменгі курстарда «електен өтпеу»

 
 

Оқуға түскен жыл 2009-2010 оқу жылы – қабылданды– 944 адам

 

Жалпы медицина

1

2009-10

67(7%)

186(19,7%)

 

2

2010-11

119(12,6%)

 

   

Оқуға түскен жыл 2010-2011 оқу жылы – қабылданды 1064 адам

 

Жалпы медицина

1

2010-11

107(10%)

189(17,7%)

 

2

2011-12

82(7,7%)

 

   

Оқуға түскен жыл 2011-2012 оқу жылы – қабылданды 844  адам

 

Жалпы медицина

1

2011-12

110 (13%)

196 (23,2%)

 

2

2012-13

86 (10%)

 

   

Оқуға түскен жыл 2012-2013 оқу жылы – қабылданды 956 адам

 

Жалпы медицина

1

46 (4,8%)

68 (7%)

 

2

22 (2,3%)

 

   

 

Егер студенттердің електен өтпеуін нақтырақ қарастыратын болсақ, онда студенттердің үлгерімі төмен және оқудан шығуы жоғары болуының негізгі факторларының бірі оларда оқуға және таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеуге ынтасының болмауы болып табылады. Сондай-ақ, әлсіз кәсіби бағыттық және оқу уәжінің деңгейінің төмен болуы да өте маңызды.

 

 ҚазҰМУ Баспасөз қызметі