Мейірімділік




17.03.2014

2-март күні СТ11-002-1-2 топ студенттері  №7 арнайы корреляциялық интелектуальді мектеп-интарнатқа  барды. Студенттер 6-7 класс оқушыларымен кездесті.Осы интеллектуальді дамуды коррекциялайтын мектеп-интернатқа бару себебіміз жастарға мейрімділік, жанашыршылық қасиеттерді бойларына сіңдіру. Студенттерге  өмірде бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығын көрсетуді үйрету .         

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген. Студенттер оқушыларға ауыз қуысының гигиенасы туралы айтып, муляжда көрсетіп және кері байланыс жасады-оқушылар таласа-тармаса тақтаға шығап көзбен көргендерін қолмен істеуге тырысты. Балалардың ой-өрісінің дамуына қосар аз да болса үлесіміз болсын деп студенттер әртүрлі пазлдар ,сурет салсын деп түрлі-түсті қарандаштарды силыққа ұсынды. Мектеп-интернат оқуышылары бізге алғыс ретінде  8-март халықаралық әйелдер күніне арнайы дайындаған тақпақтары мен әндерін ,билерін ұсынды. Бізде ризашылығымызды білдіріп жеміс-жидек корзинасын бердік. Оқушылар мен тәрбиешілер бізді тағыда күтетінін айтып, қоштасып шығарып салды. №7мектеп-интернаттан шыққан соң әрқайсысымыз  осы күнімізге тәубешілік етіп жан-жағымызға қарай жүрейік ойда қалдық.Үлкен зиян шегіп,  қайғы-қасіретке душар болған, сондай-ақ, қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсету, оларға қолдан келгенінше көмектесу — адамгершіліктің белгісі болып табылады. Қиналған жанға нәсіліне, дініне қарамастан жанашырлық таныту, әсіресе, қазақ халқына ерекше тән ұлттық қасиет болып табылады