МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАР БАС ҚОСТЫ




19.09.2012

2012 жылдың 6- маусым  күні С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі «Медицинадағы мемлекеттік тілді дамытудағы көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Семинарға Алматы қаласы Алмалы ауданының қазақ тілі қоғамының төрайымы, белгілі тіл жанашыры Асылы Осман, Республикалық медициналық колледжінен және Қазақстан Ресей медицина университетінен келген ұстаздар мен ғалымдар қатысты. Сонымен бірге, университеттің құрылымдық бөлімдеріндегі мемлекеттік тілге жауапты тұлғалар қатысты.

Семинардың құрметті қонақтары

Тіл жанашыры Асылы Осман мемлеткеттік тілдің тағдыры туралы өз ойтолғамымен бөлісуде

Семинарға қатысқан мемлекеттік тілге жауапты тұлғалар өздерін толғандырған сауалдар аясында өз пікірлерін ортаға салуда

Ғылыми жұмыстар және инновациялық жобалар жөніндегі проректор Айгүл Садуәқасқызы семинардың мақсатын түсіндіруде

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Жидегүл Әбдіжәділқызы семинарға қатысушыларды келген қонақтармен таныстыруда

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы Жидегүл Әбдіжәділқызы «Медицинадағы мемлекеттік тіл ахуалының негізгі аспектілері» тақырыбындағы баяндамасын жасауда

Семинарға қатысушылар мемлекеттік әнұран  шырқауда

Семинарға қатысушылар Асылы Османмен бірге

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің қызметкерлері тіл жанашыры Асылы Османмен бірге