«Мен қазақша білемін» атты әдеби – музыкалық кеш өтеді




21.05.2018

2018 жылғы 22 мамырда сағ.12.30-13.30-да С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың тарихи мұражайында қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының 85 жылдығына арналған «Мен қазақша білемін» атты  әдеби-музыкалық кеш өтеді.

Кештің мақсаты: Студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақ тілінің мәртебесін көтере отырып, Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу. ҚР мемлекеттік тілі қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыру және Отан, тіл құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 

Ұйымдастырушылар: қазақ тілі  және кәсіби қазақ тілі кафедрасы, доцент Р.Н.Дәрменқұлова, оқытушылар:  Г.К. Дәркенбаева, А.Қ. Серікқалиева.

Кештің бағдарламасы:

  • Кіріспе сөз
  • Шетелдік студенттермен және өзге ұлт өкілдерімен танысу
  • Мақал-мәтел сайысы
  • Ой сергіту
  • Қорытынды сөз

 

Келем деушілерге есік ашық!