«Менеджмент: клиникалық тәжірибені жетілдіру құралы ретінде клиникалық нұсқаулар мен протоколдарды дайындау және енгізу» семинары




20.05.2014

Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебінде 2014 жылдың 19-23 мамыр аралығында «Менеджмент: клиникалық тәжірибені жетілдіру құралы ретінде клиникалық нұсқаулар мен протоколдарды дайындау және енгізу» семинары өткізіледі. Семинарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтау орталығының қызметкерлері жүргізеді. Семинарға университеттің клиникалық кафедраларарынан 26 мұғалім қатысады.

Семинар бағдарламасында лекциялар мен практикалық сабақтар қарастырылған: Дәлелге негізделген практикаға кіріспе, PICO құралы, Дәлелді медицина принциптеріне негізделген клиникалық нұсқауларды дайындау әдістемесі, Клиникалық нұсқауларды ұсынуды бағалау механизмін қолдану (GRADE), Клиникалық нұсқаулардың құрылымы, AGREE құралы. ADAPTE құралы. Клиникалық протоколдар клиникалық нұсқауларды енгізу құралы ретінде. Клиникалық протоколдар негізінде көрсетілетін медициналық қызмет сапасын сараптауды ұйымдастыру және т.б. өзекті сұрақтар.