МЕРЕЙТОЙЫҢЫЗБЕН!!!




07.03.2013

2013 жылдың 8 наурызында

Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің директоры,

«Талант 2012-2013» сыйлығының иегері

Абирова Мейрамгүл Айтбайқызының мерейлі мерейтойы!

Құрметті Мейрамгуль Айтбайқызы! 

Сіз ұзақ жылдар бойы өз саласының кәсіби білікті маманы ретінде дәрігер-мамандарды дайындауда ұлан-ғайыр еңбек атқарып келесіз.

Сізден тәлім-тәрбие алған жас мамандарымыз бен түлектеріміз бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің нығаюына, мемлекетіміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Университетімізді өркендету жолындағы ерен еңбектеріңізге жетістік, табыс пен сәттілік, бақытты ұзақ ғұмыр, отбасыңызға қуаныш, ырыс пен ынтымақ, бақ пен береке тілейміз!

Сіздің шығармашылық және ғылыми-зерттеу қызметіңіз – жас ұрпақ тәрбиелеуге, туған халқымыздың игілігі үшін атқарылған тұтас бір кезең. Білім мен ғылым саласындағы ұлы көшіңіз тоқтамасын!

Абыроймен атқарып келе жатқан жауапты қызметіңіз әрқашанда жемісті болсын.

Мерейтойыңыз құтты болсын, осындай мерейлі күні Сіздің деніңізге саулық, сарқылмайтын күш-қуат, бақытты да ұзақ ғұмыр, отбасыңызға ырыс пен ынтымақ, бақ-береке және амандық тілейміз!

Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің ұжымы