Деканаттың өмір мұрағаты




26.01.2015

07.11.2013 ж. ҚазҰМУ –де университтетте білім алып жатқан ауған студенттерімен Ауғаныстанның денсаулық сақтау Министрінің орынбасары Наджия Таректің кездесуі болып өтті.

Кездесуге әкімшілік басшысы Абдул Алим Атарод, Қазақстан Республикасындағы ауған диаспорасының өкілі Ахмадулла Васток, ауған елшілігінің қызметкері Мухаммад Наким Акрами, ОТЖ проректоры Тулебаев К.А., академиялық жұмыстар жөніндегі директор департаменті Абирова М.А., шетел студенттерінің деканы Иванченко Н.Н., ауған студенттермен жұмыс жасайтын әдіскер Дад Мухаммад, СӘМҚДД директоры Шынғысбаев Л.С., шетел студенттеріннің декан орынбасары  Мухамедиева Г.М. қатысты.

Кездесу өте тартымды және қызықты өтті. Кездесуге қатысушылар ауған студенттеріне қатысты оқу үрдісі, олардың әлеуметтік  жағдайы, сонымен қатар алдағы ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылады.

Денсаулық сақтау Министрінің орынбасары Наджия Тарек  ҚазҰМУ ұжымының жылы қабылдағандықтарына үлкен алғысын білдіріп, студенттер мен ҚазҰМУ қызметкерлеріне келешекте  жетістік пен дамуды  тіледі.