Нұрлы жол– жалынды жастарды жасампаздыққа бастар жол




28.04.2016

2016 жылдың 21 сәуірінде азаматтық-патриоттық бағытты дамыту мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың қазақ тілі кафедрасының доценті Р.Н.Дәрменқұлова және аға оқытушылар А.Т.Рахымбаева мен Г.Дәркенбаеваның ұйымдастыруымен «Нұрлы жол– жалынды жастарды жасампаздыққа бастар жол» атты тьюторлық сағат болып өтті.

    Тьюторлық сағаттың мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол-болашаққа бастар» атты жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Студенттерді  патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

«Нұрлы жол– жалынды жастарды жасампаздыққа бастар жол» атты тьюторлық сағатқа кафедра оқытушылары мен жалпы медицина факультетінің 1 курс 15-002-(1,2) тьюторлық  топ, 15-037-(1,2)-топ және 15-054-2 –топ студенттері мен 15-033-1- топ шетел  студенттері қатысты. Тьюторлық сағат арнайы бағдарлама бойынша үш тілде жүргізілді.

Кафедраның доценті Р.Н.Дәрменқұлова Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы туралы  мағлұмат берді. Нұрлы жол» даму бағыты аясында жастардың болашаққа деген сенімін айқындап, жақсы білім алып, қажырлы еңбек ете отырып, келешекті кемел ету жолында жастардың үлесі зор екендігін баса айтты. Содан кейін жүргізушілер Исмаилов Азизбек пен  Абубакирова Нафиса «Ой қозғау» кезеңінде студенттермен сұрақ-жауап ұйымдастырып, пікірлерін ортаға салды. ЖМ факультетінің 15-037-(1)-топ студенттері Кенжебаева Сабина, Исабаева Әйгерім,Төрегелді  Гүлбану       «5 институционалдық реформа» туралы презентация көрсетіп, үш тілде баяндама жасады.

Ал, «Нұрлы жолдың 7 бағыты туралы ЖМ факультетінің 15-037-(2)-топ студенттері Булегенова Балнұр,Токанова Меруерт көрнекіліктер арқылы айтып берді.

 Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындыра алады. Осыған орай ұйымдастырылып отырған тьюторлық сағатта  «100 нақты қадам» туралы да мағлұмат берілді. Бұл туралы ЖМ факультетінің 15-037-(1)-топ студенттері Абубакирова Нафиса мен Түймебаева Аида үш тілде түсіндіріп, әр Жолдаудан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар алатындарын айтты. Ұйымдастырылып отырған іс- шара барысында студенттер викториналық сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешуге ат салысты. ЖМ факультетінің 15-054-2 –топ студенттері мен 15-033-1- топ шетел  студенттері сөзжұмбақты шешуде белсенділік танытты.

Университетте осы бағытта біраз жұмыстар жүргіліп жатыр. Нұрлы Жол- Мәңгілік Елге бастайтын жол. Елдің дамуына айқын бағыттарды тағы да айқындап, Елбасының батыл шешімін болашаққа бағдар, батыл қадам етіп, Ұлт көшбасшысының жолдауын қолдау мақсатында өткізіліп отырған іс-шараның маңызы зор.