Наурыз мерекесіне аналған үстел теннисинен оқытушылар мен қызметкерлер арасында өткен жарыс




10.04.2014

 

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтардағы Қазақстандық жол 2050: Ортақ мақмат, ортақ мүдде, ортақ болашақ атты Қазақстан халқына жолдауды жүзеге асыру.

– Оқытущылар мен қызметкерлер арасындағы қысқы универсиада ойындары, оның қаламыз және еліміз үшін маңызы туралы ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу.

-ЖОО-да салауатты өмір салтын қалыптастыру.

– Оқытушылар мен қызметкерлерді тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға шақыру барысында жарыс әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің үстел теннисі залында наурыздың 31 күні өткізілді. Жарыста ҚазҰМУ құрама командасы 1 орын иеленді сондай-ақ ерлер арасынан  жеке орын иелендіру сайысында ҚазҰМУ- дың қызметкері Қадыров Леонид 1 орынға, Полванов Данат 3 орынға, Төремұратова Гүлназ 3 орынға, Буткей Сабит 4 орынға, Бекбаева Ақерке 4 орынға, Пазилова Қарлығаш 6 орынға ие болып,университетіміздің мәртебесін биіктен көрсетті. Бұл бастамада Дене шынықтыру және денсаулық кафедрасының оқтушысы, үстел теннисінің бас жаттықтырушысы Буткей Сабиттің еңбегінің зор екендігін айта кеткіміз келеді. Жүлделі орынды иеленгендер  алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт барсқармасының арнайы сыйлықтары: диплом, медальдармен марапатталды.