«Өнерлі факультет-2015» байқауының екінші кезеңі




04.03.2015

«Өнерлі факультет-2015» байқауының екінші кезеңі

                 С.Ж.Асфендияров атындағы  Қазақ Ұлттық Медицина университетінің 85 жылдығына,

Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойлар құрметіне арналған  университетіміздің факультеттері арасында «Өнерлі факультет-2015»  байқауының екінші кезеңі 25-ші ақпан күні «Concordia» театрында үш өнер түрі бойынша  өткізілді.  Атап айтқанда:

– «Поэзиямен сырласу» көркем сөз оқу және жас ақындар шығармашылығы;

–  Туған жер тақырыбында патриоттық әндер;

–  Қолөнер және өнер туындылары байқауы бойынша сайыстар өткізілді.

Көркем сөз оқу бойынша, студенттер танымал ақын-жазушылардың шығармашылығынан үзінділер, (монолог)  өлеңдер оқыды. Жалпы медицина факультетінің       1 курс студенті Рузаева Айсұлу Ш.Айтматовтың «Ана жер ана» повестінен үзінді оқып, өз өнерімен көрерменді тәнті етіп, «Үздік монолог» номинациясына бір ауыздан ұсынылды. Монолог оқуда екінші орынды шетел студенттері деканатына қарасты медбике ісі факультетінің 3 курс студенті Г.Қойшыбаева иеленді.                                                              Танымал ақындардың шығармашылығынан поэзия оқудан шетел студенттері деканатының студенті Саид Сабирнадим  «Үздік поззия оқу шебері» номинациясын және фармацевтика факультетінің 3 курс студенті Н.Сериков бірінші орынды, екінші орынды жалпы медицина факультетінің 2 курс А.Абдубалиева, үшінші орынды стоматология факультетінің 3 курс студенті Д.Маликов иеленді. Ақындар шығармашылығы байқауынан «Үздік ақын» жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Ғ.Ақылбекұлы, бірінші орынды ЖМ факультетінің 1 курс студенті С.Наметкул, екінші орынды стоматология  факультетінің 1 курс студенті А.Жұмағалиева, үшінші орынды  Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 1 курс студенті Б.Нүсіпхан өзара бөлісті.                                                                                                                       Қолөнер және өнер туындылары бойынша бес факультет өзара Үздіктер номинациясын  бөлісті.  Патриоттық әндер байқауында жеке орындауда О.Месов «Үздік орындаушы» атанып,  бірінші орынды Ж.Темірзақова, екінші орында интернатура 6- курс студенті Е.Болат  және  шетел студенттері деканатынан Ф.Фарят, үшінші орынды шетел студенттері деканатынан Джин Иносент, 4-ші орынды жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті А.Амралиев өзара бөлісті. Дуэт орындаушыларынан 1-орынды жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттері Р.Ермек және Ш.Орынбасар, екінші орынды жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттері Балжан және Рамазан, үшінші орынды стоматология факультетінің студенттері А.Балқан, Н.Төребековтар бөлісті. Трио орындаушыларынан интернатураның 6 курс студенттері А.Артықов, Е.Болат және Р.Ермек шығып «Үздік трио орындаушылары» атанды.  Әділқазылар алқасына өнер саласында еңбек етіп жүрген адамдар шақырылды. Осылайша «Өнерлі факультет-2015»  сайысының екінші күрделі кезеңі де өткізіліп, үшінші кезеңге дайындалу жұмысы басталып та кетті. Байқауға қатысушы факультетт өнерпаздарына тек сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.

                                                                                                      Көркемдік жетекші С.А.Апсаттарова