«Өнерлі факультет» байқауы




02.02.2015

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің

85 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, ҚР Конституциясына 20 жыл, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл атты атаулы мерейтойларға арналған Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті және факультет декандарының  ұйымдастыруымен өткізілетін

 «Өнерлі факультет»  байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру;

– Ұлттық кұндылықтар мен  салт-дәстүрлерді, өнерді  насихаттау;

– Дарынды жастарды айқындау және қолдау көрсету;

– Студенттердің мәдени-эстетикалық талғамын арттыру:

-Университет аясында бірлесіп жұмыс істеу жобасының маңыздылығын арттыру;

-Деканаттар, департаменттер, тьюторлар, құрылымдық бөлімдер арасында ұйымшылдықты, ұжымдылықты  ары қарай дамыту, бірлесе жұмыс атқару, нәтижесін жоғарғы дәрежеге көтеру ;

-Әлеуметтік-тәрбие және мәдени жұмыстарды бірлескен түрде атқару, өзара шығармашылық байланысты нығайту;

-Университет көркемөнерапздар үйірмесі жұмысының нәтижесін бірлесе  отыра іске асыру және дамыту;

– Студенттерді сабақтан тыс уақытын тиімді, саналы пайдалануға баулу.

 

«Өнерлі факультет» байқауының демеушілері:

-Университет әкімшілігі;

-Университет кәсіподақ ұйымы;

-«Демеу» студенттік кәсіподақ бірлестігі.

 

Байқаудың шарттары:

– Байқау күндерінің  тақырыбы, өткізілетін күндері төменде жеке  белгіленген;

– Әндер  жанды дауыспен орындалады;

– Қатысушыларға сыйлықтар, номинациялар және  дипломдар тапсырылады;

– Фонограмма /-1/ MD мини дискіде, флэшкада  минусовкада беріледі;

– Әннің ұзақтығы 3-4 минут;

– Байқау жеңімпаздары арнайы  сыйлықтармен марапатталады;

-Уақыт өлшемі ережеде көрсетілген уақытпен шектеледі. Көрсетілген уақыттан аспау;

– Тақырыптан ауытқымау;

-Декан орынбасарлары алдын-ала байқау түрлеріне қатысатын студенттердің тізімін толықтай мәліметпен тапсыру және қадағалау;

-Ереже деканаттарға таратылғаннан соң, үзіліссіз  дайындық жұмыстары тақырыптары, түрлері бойынша жүргізіледі;

-Ұйымдастырушылар арасындағы тығыз байланыс;

-Дайындық  нәтижелерін хабардар етіп отыру;

– «Өнерлі факультет» байқауын үлкен дәрежеде ұйымдасқан түрде өткізу.

Байқаудың кезеңдері, өткізілу тәртібі;

– Өнер көрсету  8 түрлі байқау түрінен тұрады:

– Гала-концерт

 

Қолдау шарттары:

-Тьюторлар жұмысының  бағалануы (студенттерді жобаға қатыстыру, декандармен бірлескен жұмыс нәтижесі)

«Өнерлі факультет» байқауларының тақырыптық түрлері және өткізілетін              күндері:

1* «Поэзиямен сырласу» Көркем сөз оқу және жас ақындар байқауы

Өткізілетін күні, орны, уақыты- 25.02.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

1.Жас ақындар байқауы-бойында ақындық қабілеті бар студент жастар төмендегі көрсетілген тақырыпта өз өлеңдерін байқауға ұсынады.

Тақырыбы: «Мәңгілік ел-ұлт мұраты»,  «Ұлы Жеңіс-ел мұраты», «Менің университетім»

  1. Көркем сөз оқу (мәнерлеп оқу) –Патриоттық тақырыптағы Туған жерге, елге деген шынайы сүйіспеншілігін өлең сөзбен өрнектеп жеткізген танымал ақындардың өлеңдерін оқу;

Мәнерлеп оқудан әр факультеттен үздік деген 5 бес қатысушыдан қатыса алады.  Факультеттер  өзара ақылдасып, байқауда жеңіске жете алатын, өзіне сенімді деген үздік қатысушыларын ұсынады.

           Ескерту:  Қатысушылар тізімін мен жас ақындар өлеңдерін  11-ші ақпан күніне дейін тапсыру; Әділқазылар алқасына жас ақындар шығармаларын  қарап баға беруге уақыт қажет болғандықтан, өлеңдерін ертерек көрсетілген уақытта тапсырулары керек. Байқауда барлық жас ақын қатысушыларының  аты-жөндері аталынып, сахнаға шығарылады. Уақытты үнемдеу ретінде  4 төрт орын алған студенттер өлеңдері оқылады. Байқауға қатысатын  бірнеше қатысушы бірігіп бір тұтас поэманы сахналауға болады.

-Мәнерлеп оқуға ұйымдастырушылар тарапынан көмек ұсынылады. (дұрыс оқуды үйрету, бағыт-бағдар беру)

         

         2*  «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында факультетаралық  патриоттық әндер байқауы

Өткізілетін күні, орны, уақыты: 25.02.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

Ескерту:  Вокал (жеке, дуэт, трио, квартет, квинтет, ансамбль)  байқауына қатысушылар тізімін 6-шы ақпан күніне дейін тапсыру;

Факультет арасында өзара ең үздік орындаушыларды таңдай отыра, байқауға қатыстыру;

Факультеттерден:

  1. Соло-1 номер
  2. Дуэт -2 номер
  3. Трио, квартет, ансамбль-1 номер

Әр номерлер түрлеріне  жеке орындар белгіленеді.(соло, дуэт, квартет, ансамбль)

           3* Қолөнер және өнер туындылары байқауы (картина жазу, живопись, графика, акварель и т.б)

Тақырыбы: «Менің елім-Қазақстан»,  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85 жылдық мерейтойына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  арналған  «Университетім мақтанышым», «Ұлы Жеңіс-ел мұраты»  тақырыбындағы қолөнер жұмыстары.

Бір немесе екі тақырыпты қатар таңдауға болады.

Өткізілетін күні, орны, уақыты: 25.02.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

 

4* КВН  Көңілді тапқырлар клубы командалар жарысы.

Тақырыбы: «КазҰМУ студентінің бір күні» (6 минут)

Өткізілетін күні, орны, уақыты- 20.02.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

 

5*  Видеоролик «Мәңгілік ел-ұлт мұраты» (6 минуттық)

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, ҚР Конституциясына 20 жыл, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл атты атаулы мерейтойларға арналған «Мәңгілік ел-ұлт мұраты» атты тақырыптағы видеоролик.

Өткізілетін күні, орны, уақыты- 20.02.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

Ескерту: КВН командалар жарысы, видеоролик, қолөнер байқауы бір күнде 20 ақпан күні өткізіледі. Әділқазылар алқасы үшін байқау жұмыстарының нәтижесі жөнінде 10-шы ақпанға дейін мәлімет беру, көрсету. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда алдын-ала хабарласу.

6* Музыкалық аспаптарда ойнау байқауы. Конкурс инструментальной музыки (домбра, гитара, фортепьяно, скрипка, кобыз, баян ВИА т.б)

(соло, ансамбль, оркестр)

  1. Аспапта соло-2 номер (домбра, гитара, қобыз, баян) Ішінен жақсы орындайтын 2-уін таңдау.
  2. Ансамбль-1 шығарма орындау (2 адамнан кем емес,одан да көп..)

Өткізілетін күні, орны, уақыты: 20.02.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

 

 

7*  Би хореография байқауы. Би және күлкі  күні.

            а) Әлем халықтарының билері

б)  Қазіргі заман биі

Өткізілетін күні, орны, уақыты- 01.04.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

Ескерту: Өзара келісу бойынша кәсіби деңгейде би қоюға хореограф жалдауға тырысу.

          8*  Факультет арасындағы  Студенттік «Театр көктемі-2015» байқауы

Спектакльдер қойылымының көрсетілімі. Пьсалардан үзінді. Әдеби-драмалық қойылым, Поэтикалық қойылым.  (15-17минут)

Өткізілетін күні, орны, уақыты- 03.04.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

9* «Өнерлі факультет» байқауының ең үздік номерлері таңдалынып алынған

  • Гала-концерт, марапаттау рәсімі.

Өткізілетін күні, орны, уақыты- 10.04.2015ж, сағ16.00, «Concordia» театры

 

            Қатысушылардың өнер көрсету тәртібі:

Факультеттер жеребе тарту  арқылы реттік номерлерін бекітеді, сол бойынша барлық байқауларда өнер көрсетеді,

– Өнер көрсету реттілігі  байқау аяқталғанша сақталады.

 

Өтініш беру шарты, ұйымдастырушылар арасындағы екі жақты байланыс:

– Байқауға  қатысушылардың тізімі, жұмыстары, шығармалары, қатысушы жайындағы мәліметті деканның басшылығымен  декан орынбасарлары тапсырып, тікелей қадағалап  отырады.

– Жүргізушілерге хабарлауға ыңғайлы және болашақта анықтамалар алуда қиындықтар туындамау үшін, өтініштерде байқауға қатысушының факультеті, курсы, тобы, ұялы байланыс телефоны толықтай көрсетілуі қажет;

– Өтініштер толықтай мәліметпен Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті, №7 аудитория корпусы 109-шы бөлмеде отыратын көркемдік жетекші  С.А.Апсаттароваға тапсырылады. Бөлімнің  ішкі телефоны: 7158; 7160 Тлепберген Айдана, Сеитова Инкар

Ұялы телефон: 8 777 826 05 90 Апсаттарова  Салтанат Айкенқызы.

 

 

 

 

 

Байқауға қатысушыларды бағалау жүйесі /критерийлері/  5-10 балл

1.Орындалатын әннің тақырыптық мазмұны;

2.Музыка ырғағын сезінуі,

3.Сахналық мәдениеті;

4.Әнді орындау шеберлігі /дауыстың кеңділігі, бояуы,мәнері және т.б/

  1. Артистік, актерлік шеберлігі;

6.Сахналық киімі;

7.Сахналық келбеті,тартымдылығы  (стиль, макияж, образ);

  1. Жеке шығармалардың ұйқастығы,тереңдігі,мазмұны ескеріледі.
  2. «Өнерлі факультет» номинациясы ең үздік өнер көрсеткен, көп ұпай жинаған бір ғана факультетке беріледі.
  3. Жеке өнер көрсетіп, байқау жеңімпазы атанған студенттерге жеке-жеке дипломдар, орындар беріледі.
  4. Әр өнер түрлерінде 3 орыннан белгіленеді.(1-4орынға дейін)

Бас жүлде-1

I орын-1

II орын-1

III орын-1

           12.Номинациялар бойынша дипломдар:  «Артистік шеберлігі үшін», «Үздік әнші», «Үздік ақын», «Аспапта ойнау шебері», «Көркем сөз оқу шебері», «Үздік режиссер», «Үздік сценарист» «Үздік шебер», «Үздік КВН командасы», «Әзіл-қалжың шеберлері», «Үздік би қойылымы», «Үздік бишілер» номинациялары бойынша  марапат дипломдары  тапсырылады

  1. Факультет декандарына, факультет декан орынбасарларына, ұйымдастырушыларға диплом, мақтау қағаздары табысталады.

 

Байқау жеңімпаздарын марапаттау:

әділқазылар алқасы өнер адамдары арасынан шақырылады,

– әділқазылар алқасы жоғарыдағы бағалау жүйесін /критерийлерді/ ескере отырып жүлде орындарын бөледі.

 

           Ұйымдастырушылар:        

1.Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті;

2.Факультет декандары;

3.Студенттік деканат;

Жауаптылар:

  1. Студентерді ұйымдастыруға, дайындауға жауапты – Факультет декандары, Студенттік деканат
  2. Жалпы ұйымдастыру жұмысына, техникалық жағына жауапты – Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефоны:

Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті.

Сейфуллин және Төле би қөшелерінің қиылысы. №7 аудитория корпусы  109-шы бөлме.

Ұялы байланыс: 8 777 826 05 90 Апсаттарова Салтанат Айкенқызы.

Тел: бөлімнің ішкі телефоны: 7158: 7160  Тлепберген Айдана, Сеитова Инкар