«Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті сұрақтары: денсаулықты нығайту мен ауруларды алдын-алу (мінез-құлықтық қауіп факторлары)» VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің жұмысының қорытындысы туралы есеп




06.02.2015

«Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті сұрақтары: денсаулықты нығайту мен ауруларды алдын-алу (мінез-құлықтық қауіп факторлары)»  VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің жұмысының  қорытындысы туралы

есеп

 

 26 қаңтардан 31 қаңтар аралығында 2015 жылы  АлматыдаС.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Х.Д. Досмухамедов атындағы Қоғамдық Денсаулық сақтау Мектебінде және «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасында«Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті сұрақтары: денсаулықты нығайту мен ауруларды алдын-алу (мінез-құлықтық қауіп факторлары)»  VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектеп өткізілді.

Мектепті ұйымдастырушылар: Х.Д. Досмухамедов атындағы Қоғамдық Денсаулық сақтау Мектебі, «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектеп жұмысына медициналық және медициналық емес жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Қарағанды медицина университеті, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті, Семей қ. мемлекеттік медицина университеті, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектеп жұмысына 51 қатысушылар қатысты.

Қысқы мектептің қатысушыларына ҚазҰМУ Ректоры А.А.Аканов және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Ректорының Кеңесшісі, профессор Мейманалиев Т.С құтықтау сөзін сөйлеп, баяндама жасады.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің отырысында : қоғамдық денсаулық сақтау бойынша С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Ректорының Кеңесшісі, профессор Мейманалиев Т.С., Қазақ тағамтану Академиясының вице-президенті Ю.А. Синявский, «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі Турдалиева Б.С., Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі М.С.Қайнарбаева, «Нутрициология» кафедрасының доценты Бердыгалиев А.Б., «Нутрициология» кафедрасының доценты Хасенова Г.Х., Коммуникативті дағдылар, психотерпия негізі, жалпы және медициналық психология» кафедрасының ассистенті Багиярова Ф.А., «Нутрициология» кафедрасының доценты Ушанская Е.Ю.,., «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының доценты Алтынбекова У.А., «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Рамазанова М.А., Дәлелді медицина орталығының маманы Байсугурова В.Ю. және 1 және 2 ші курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының  докторанттары: Мендалиев Н., Игисинова А., Сагындыкова З.

Бірінші күні денсаулықты нығайту сұрақтары бойынша VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектеп бағдарламасы шеңберінде «Мінез-құлықтық қауіп факторлары (артериалды гипертензия, артық салмақ, қант диабеті)» тақырыбындағы баяндаманы қоғамдық денсаулық сақтау бойынша С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ректорының Кеңесшісі, профессор –  Мейманалиев Т.С. жүргізді. Сонымен қатар, бірінші күні «Коммуникативті дағдылар, психотерпия негізі, жалпы және медициналық психология» кафедрасының ассистенті Багиярова Ф.А. «Ментальды денсаулық және күйзелістің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің қатысушы қонақтары ҚазҰМУ музейіне барды.

Екінші күні Қысқы мектептің қатысушыларына ҚазҰМУ Ректоры А.А.Аканов сәлемдесу сөзін сөйлеп, «Қоғамдық денсаулық сақтау – саясат негізіндегі Қазақстанның бәсекеге қабілетті жетістігі» презентациясымен баяндама оқыды. VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің бағдарламасы шеңберінде «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі Турдалиева Б.С. «Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектепті ұйымдастыру және жүргізу қорытындысы» тақырыбында презентазия баяндады.Осыдан кейін, Қысқы мектептің қатысушылары Қазақ тағамтану Академиясының вице-президенті Ю.А. Синявскийдың  баяндамасын тыңдады.Сондай-ақ, бүгінгі күннің екінші жартысында «Студенттердің тамақтану ерекшелігі» тақырыбында «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі М.С.Қайнарбаев семинар жүргізді. Сонымен қатар, көрсетілген тақырыпта семинар өткізілді: «Нутрициология» кафедрасының доценты Бердыгалиев А.Б. «Тағамдық қоспаларды қолдану және олардың денсаулыққа әсері»; «Нутрициология» кафедрасының доценты Хасенова Г.Х. «ҚР темір тапшылықты анемияның таралуы және алиментарлы-тәуелділік ауруларының профилактикасы», «Нутрициология» кафедрасының доценты Ушанская Е.Ю. «Семіздік және артық салмақ мәселелері. Кешенді алдын алу шаралары».

Үшінші күні VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің бағдарламасы шеңберінде «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының доценты  Алтынбекова У.А. «Репродуктивті денсаулық және құқықтары, ЖЖБИ және АҚТҚ инфекциясының  профилактикасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.Үшінші күнгі бағдарламаның жалғасында VI Қысқы мектептің қатысушыларымен «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының аға оқытушысы М.А.Рамазанованың «Төмен физикалық белсенділікті алдын-алу» тақырыбындағы баяндамасы талқыланып тыңдалды және «Тепе-теңдік» қағидасы бойынша тренинг жүргізілді.Үшінші күннің соңында оқытушылар М.Турегельдиева, Н.Юсупова, Б.Касиева «Төменгі физикалық белсенділікті алдын алуда» флэшмоб өткізді. Оған «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының оқытушылары және магистранттар, студенттер белсене қатысты.

Төртінші күні VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің бағдарламасы шеңберінде Дәлелді медицна орталығының маманы  Байсугурова В.Ю және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-2 курс докторанттары Мендалиев Н., Игисенова А., Сагындыкова З. «Алькоголизм және темекі шегуді алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Осыдан кейін VI Халықаралық Қысқы мектептің қатысушылары ішкі аурулар клиникасына барды.

30.01.2015 жылы Х.Д. Досмухамедов атындағы Қоғамдық Денсаулық сақтау Мектебі және «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасы  «Қоғамдық денсаулық сақтаудың өзектң сұрақтары: денсаулықты нығайту мен ауруларды алдын-алу (мінез-құлықтық қауіп факторлары)» тақырыбында VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің соңгы күні қорытындысы болды.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің бағдарламасы  шеңберінде «Университет Денсаулығы » олимпиадасы  өтті.Бесінші күннің соңында қорытынды жарияланып, Олимпиада қатысушылары марапатталды. Қысқы мектептің барлық қатысушыларына «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі Турдалиева Б.С. сертификат тапсырды.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің ұйымдастырушысы:

– «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Турдалиева Б.С.

VI Жылсайынғы Халықаралық Қысқы мектептің қорытындысы туралы есепке жауапты:

  • «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының доценты Алтынбекова У.А.
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Даришева Д.А.
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Павлова А.П.
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Джумагазиева О.Д.