ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША ӨЗІНДІК БАҒАЛАУ ЕСЕБІН РӘСІМДЕУ ТУРАЛЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ




13.02.2015

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША ӨЗІНДІК БАҒАЛАУ ЕСЕБІН РӘСІМДЕУ ТУРАЛЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

2015 жылдың 3 ақпанында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Х.С.Насыбуллина атындағы Педагогикалық шеберлік мектебінің базасында оқу бағдарламаларын аккредиттеуге даярлау мақсатындаәрбір мамандық бойынша  Жұмысшы топтарына оқу бағдарламаларын өзіндік бағалау есебін рәсімдеу туралы оқыту семинарыөтті.

Семинарға ҚазҰМУ ректоры А.А.Ақановтың 2014 жылдың 2 маусымында шығарған № 543а бұйрығының және 2014 жылдың 12 қыркүйегінде шығарған №819 бұйрығының негізінде әрбір мамандық бойынша құрылған Жұмысшы тобының мүшелері қатысты.

Оқу бағдарламаларын өзіндік бағалау есептерін мамандандырылған аккредиттеу талаптарына сай рәсімдеу үшін төмендегідей мамандықтардың есептері талқыланды:

«Жалпы медицина» (бакалавриат, магистратура, PhD-докторантура),

«Стоматология» (бакалавриат),

«Фармация» (бакалавриат, магистратура, PhD-докторантура),

«Технология фармацевтического производства» (бакалавриат, магистратура, PhD-докторантура),

«Общественное здравоохранение» (бакалавриат, магистратура, Phd докторантура),

«Медико-профилактическое дело» (бакалавриат, магистратура, Phd докторантура)

«Медицина» (магистратура, докторантура).

 

Бакалавриат мамандықтарының оқу бағдарламаларын аккредиттеу бойынша өзіндік бағалау есебін рәсімдеу туралы семинарды Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) аккредиттеу және саралау бойынша сертификатталған сарапшысы, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) аккредиттеу бойынша сертификатталған сарапшысы,Х.С.Насыбуллина атындағы Педагогикалық шеберлік мектебінің директоры Р.Р.Юсупов жүргізді.

Дипломнан кейінгі мамандықтарының (магистратура, PhD докторантура) оқу бағдарламаларын аккредиттеу бойынша өзіндік бағалау есебін рәсімдеу туралы семинардыБілім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) аккредиттеу және саралау бойынша сертификатталған сарапшысы, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) аккредиттеу бойынша сертификатталған сарапшысы, Университетті дамыту институтының директор орынбасары С.С.Сарсенбаева жүргізді.

Семинар барысында оқу бағдарламаларын аккредиттеу бойынша әрбір мамандықтың жұмысшы тобы даярлаған өзіндік бағалау есептері талқыланды және жіберілген қателіктер мен ескертулер туралы Жұмысшы топтардың төрағалары хабардар етілді. Әрбір есеп жеке-жеке қарастырылып, есепті қамтитын әрбір стандарттың ішінде жазылған ақпараттарға тоқталды. Сонымен қатар, стандарттарды мамандандырылған аккредиттеу талаптарына сай қалай жасау керектігі, қандай ақпараттарды қамту керектігі және өзіндік бағалау есебінің техникалық-орфографиялық қателіктерін қайта түзету туралы айтылды.

Семинарды жүргізушілерге Жұмысшы топтың тарапынан оқу бағдарламаларын өзіндік бағалау есебін рәсімдеу туралы көптеген сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға семинар жүргізушілері мамандандырылған аккредиттеудің талаптарының шеңберінде қалай рәсімдеу керектігін түсіндірді.

Осындай оқыту семинары әрбір мамандық бойынша құрылған Жұмысшы тобының мүшелеріне қажетті де пайдалы ақпараттарды білуге септігін тигізді.