ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР БӨЛІМІ




24.10.2010

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР БӨЛІМІ

Оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімінің бастығы

Избасарова Гулим Куатбековна

Байланыс телефондары: 8(727)3387090

Ішкі: 7503

E-mail: [email protected]

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі Академиялық жұмыстар департаментінің құрылымына кіреді және ішкі бөлімшелері мен бөлімдері жоқ. ОӘЖБ Академиялық жұмыстар департаменті директорына тікелей қарамағында және департамент директоры жоғарғы басшы болып табылады,

Отдел учебно-методической работывходит в структуру Департамента по академической работе и не имеет внутренних служб и подразделений.«ОУМР» находится в непосредственном подчинении директора Департамента по академической работе, который является вышестоящим руководителем, осуществляющим по отношению к подразделению функции управления и курирующим деятельность подразделения.

Оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімінің басты мақсаты университетте оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.

Оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі қызметінің ең басты міндеті:

– кафедралардағы әдістемелік қызметті үйлестіру, оқу-әдістемелік құжаттарды біргейлендіру;

– оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды баспадан шығару, оларды сатып алуды, жоспарлау және оқу үдерісінің қажетті оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілгендігіне талдау;

-оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибелерді зерделеу және қолдану;

– ҚазҰМУ-дағы медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау бағдарламаларын жүзеге асыруға тікелей қатысу және ықпал ету болып табылады.

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімі айқындалған міндеттер мен мақсаттарға сәйкес келесідей қызметтік функцияларды жүзеге асырады:

Ұйымдастырушылық жұмыс

– Бакалавриат, магистратура, интернатураның барлық мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогын құрастыру;

– Әдістемелік жұмыстар туралы оқытушы-профессорларға арналған семинарлар ұйымдастыру;

– Оқу-өндірістік практиканың әдістемелік тұрғыдан қамсыздандырылуын үйлестіру жұмыстары.

Ақпараттық-кеңестік жұмыс

– Университеттің кафедраларында оқу үдерісінің әдістемелік қамсыздандырылуын бақылау және олардың жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарына, нұсқаулық құжаттарға сәйкестілігіне талдау жүргізу;

– Оқу департаменттері арқылы мамандықтар бойынша қолданыстағы ММББС негізінде кафедралардың әдістемелік жұмысын және оқу үдерісінің ұйымдастырылуын үйлестіру.

Сараптамалық жұмыс

– Университет басшылығының қарауына университеттің білім беру қызметі саласындағы үдерістер сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар ұсыну.

– Бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқу үдересінің қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамсыздандырылуына талдау жүргізу және оларды сатып алу үшін тапсырыс әзірлеу.

– Университет оқытушы-профессорлары мен қызметкерлерінің баспалық қызметіне талдау жасау.

– Қазақстанда және шетелде медициналық білім және ғылым мсәелелеріне арналған симпозиумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысу.

– Оқу-әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуына мониторинг жүргізу және кафедралардағы оқу үдерісіне инновациялық әдістерді енгізу.

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімінің кадрлық құрамы:

Бөлімнің әдіскерлері:

  1. 1.      ДюсеноваНургульЖетписбаевна – 2926969 (ішкі:146)
  2. 2.       Сулейменова МайраПернебековна – 3387090 (ішкі: 7502)
  3. 3.      АхановаШолпанЕриковна – 3387090 (ішкі: 7502)
  4. 4.      КарабаевСраждинМирхайдарович– 3387090(ішкі: 7502)
  5. ДаулеткуловаАнар – 3387090 (ішкі: 7502)