Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің жаңалықтары




15.02.2013

2013 жылдың 11 ақпанында бірлескен «Білім беру үдерісін жетілдірудің ғылыми-негізделген әдістері» жобасын жүзеге асыру жұмыс тобының кезекті мәжілісі өткізілді. Жұмыс тобына халықаралық қатынастар магистрі, Оттава университетінің экономикалық адьютант-профессоры, Эпидемиология және медициналық қызмет көрсету бөлімінің профессоры Орвил Брюс Адамс жетекшілік етті.  Жұмыс тобының құрамына келесідей оқытушы-профессорлар кіреді:

  1. Ф.Н.Нұрмұханбетова – ректор кеңесшісі
  2. М.А.Абирова – ОӘЖД директоры
  3. Е.А.Славко – ОӘЖБ бастығы
  4. С.С.Сарсенбаева – БСЗБжәнеМБРҒН орталығының директоры
  5. Б.С.Турдалиева – денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының меңгерушісі
  6. Б.А.Рамазанова – микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының меңгерушісі
  7. М.А.Асимов – психология негіздері және коммуникативтік дағыдалыр кафедрасының меңгерушісі
  8. Н.Ж.Джардемалиева – акушерия және гинекология бойынша интернатура және резидентура кафедрасының ассисенті
  9. К.К.Мұстафина – микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті
  10. Р.Н.Алибаева – психология негіздері және коммуникативтік дағыдалыр кафедрасының доценті

Мәжіліс барысында жобаны жүзеге асырудың болашақтағы басым бағыттары, мақсаттары мен міндеттері айқындалды.

Жоба бойынша жұмыс жасау үшін клиникалық пәндерді жүргізетін және жалпы практика дәрігерлерін даярлайтын оқытушылар шақырылады.