Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің жаңалықтары




21.02.2013

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Киров мемлекеттік медициналық академиясының (РФ) әкімшілігінен ОПҚ және студенттермен алмасу барысындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныс алды. Ынтымақтастық аясында университетіміздің студенттері өндірістік практикадан өтуге мүмкіндік алса, ал оқытушы-профессорлар КММА (РФ) базасында өткізілетін ғылыми конференцияларға қатысуға және дәрістер оқуға шақырылады.

Сонымен қатар КММА (РФ) әкімшілігі университетімізге академияның оқытушы-профессорларын және студенттерін практикадан өтуге жіберу мүмкіндіктерін де қарастыруды ұсынып отыр.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен Киров мемлекеттік медициналық академиясының (РФ) арасында оңтайлы ынтымақтастық орнатылған. 2011-2012 оқу жылында академиялық мобильділік аясында  КММА (РФ) академиясы педиатрия факультетінің студенттері ҚазҰМУ-дың клиникалық базасында практикадан өтті, ал біздің студенттеріміз практикадан өтуге Киров медициналық академиясына жіберілген болатын.

Академиялық мобильділік жөніндегі ұсыныстар және сұрақтар бойынша деканаттарға, ал оқытушы-профессорлардың шақырылуы және керісінше жіберілуі туралы сәйкес оқу департаменттеріне хабарласуға болады.

 

Оқу-әдістемелік жұмыстар

департамментінің директоры                                                      М.А.Абирова