Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің жаңалықтары




22.02.2013

Жалпы медицина факультетінің деканы Рахима Тәжібайқызы Джумашева 2013 жылдың 20 ақпанында ағылшын тілінде білім алып жатқан І курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің директоры, М.А.Абирова, жалпы медицина факультетінің деканы Р.Т.Джумашева, оқу-әдістемелік бөлім бастығы Е.А.Славко, морфология оқу департаментінің директоры А.А.Жолдыбаева, өмір туралы ғылым оқу департаментінің директоры Р.Р.Юсупов, тілдік даярлық орталығының директоры Н.А.Төлеева және жалпы медицина факультеті деканының орынбасарлары қатысты.

І курс студенттері университеттегі пилоттық жобасына сәйкес үштілдік білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.

Студенттер келесідей оқытушылардың ағылшын тілін жетік меңгергендігін және сабақ барысында оқу-әдістемелік материалдарды ұтымды пайдаланатынын атап көрсетті:

  1. Қуандықов Е.У. –молекулярлық биология кафедрасы;
  2. Романюк С.Н. –қалыпты анатомия кафедрасы;
  3. Сережкина Т.В. – Қазақстан тарихы және саясаттану модулі.

Білім алушылар университет басшылығына тілдік құзіреттілікті дамыту барысында өздерінің әлеуеттерін жүзеге асыруға және ғылыми, оқу әдебиеттерімен ағылшын тілінде танысуға мүмкіндік бергеніне алғыстарын білдірді.

 

ОӘЖД  директоры                                                                 М.А.Абирова