Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің жаңалықтары




26.02.2013

2013 жылдың 22 ақпанында ҚазҰМУ қызметкерлерінің Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.У.Жандосовпен, директордың орынбасары, м.ғ.д., профессор, Қазақстанның АПМ академигі А.М.Айқымбаевпен 5В110200, 051102 – «қоғамдық денсаулық сақтау» және 5В110400 – «медико-профилактикалық іс» мамандықтары студенттерінің өндірістік практикадан өтуі және оны ұйымдастыру мәселелеріне арналған кездесу өткізілді.

Мәжіліске ОӘЖД директоры – М.А.Абирова, экономикалық мәселелер жөніндегі проректор – П.Д.Айнабекова, бас бухгалтер – Г.Б.Кожимбетова, клиникалық жұмыстар департаментінің директоры – Қ.Қ.Құрақбаев, қоғамдық денсаулық сақтау оқу департаментінің директоры – М.А.Камалиев, ОӘЖБ бастығы – Е.А.Славко, ОҮҰжәнеББ бастығының міндетін атқарушы – К.Е.Қуанғалиева, деканның орынбасары – М.С.Мукашева, өндірістік практикаға жауапты тұлғалар – Л.Ж.Алекешева, Е.Ю.Ушанская, Л.Б.Сейдуанова, Ш.К.Мырзахметова, А.А.Айтманбетова, Ж.А.Кожекенова, А.С.Уважанова, Л.Н.Айтамбаева қатысты.

Кездесу барысынде төмендегідей келісімдерге қол жеткізілді:

1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының базасында 5В110400-«медико-профилактикалық іс» мамандығының  3 курс студенттері, 5В110200 – «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс студенттері, сондай-ақ 051102 – «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 және 5 курстары практикадан өтеді;

2. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының базасында білім беру үдерісі жүзеге асырылады;

3. ҚазҰМУ Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығымен бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізеді.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін көрсетілген бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалады.