Орвилл Адамс Брюс Рид ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры




13.12.2013

 

2013 жылдың 2-14 желтоқсаны аралығында ҚазҰМУ Академиялық жұмыстар департаментінің шақыруымен Эпидемиология мен ауданға медициналық қызмет көрсету орталығының халықаралық қатынастар магистрі (Канада), Оттава университеті экономикасының адьюнкт-профессоры, визитинг-профессор Орвилл Адамс Брюс Рид келді.

Орвилл Адамс Брюс Рид  «Университет күндері-2013»-  конференциясына қатысты. Ректор А.Ақановпен бірлесіп модератор ретінде «Халықаралық ынтымақтастықтың университет білімін, ғылымын және тәжірибесін  дамытуға ықпалы» дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелде Орвилл Адамс Брюс Рид «International Cooperation in medical Education» баяндамасымен сөз сөйледі.

Визитинг-профессор  Орвилл Адамс Брюс Ридтің шығармашылығын мақұлдау ретінде  «ҚазҰМУ құрметті профессоры» атағы берілді.

Сонымен қатар визитинг-профессор Орвилл Адамстың келуі «Медициналық білім беруді ұйымдастырудың нәтижелілігі мен сапасын жоғарылату» атты оқу бағдарламасымен магистранттар, жаңадан тағайындалған құрылымдық бөлімше бастықтары мен кафедра меңгерушілеріне арналған бағдарлама бойынша семинарды қамтыды.