Қош келдің,Наурыз!




10.04.2015

Сәуір айының 6-жұлдызында шетел студенттері факультетінің 14-054(1,2), 14-055 (1,2), 14-057 (1,2), 14-058 (1,2) топ жетекшілері Ибраева А.С., Рахманова А.М.,Абдуллаева Г.Т.,Абдикаимова Т.А. №7 жатахана оқу залында “ Қош келдің,Наурыз! ” тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының “Қыз ұзату” ,“Келін түсіру ” сияқты салт – дастүрлерін сахналап,ән айтып,би билеп,күй тартты.Сонымен қатар ұлттық дастархан жайылып,наурыз көже дайындалды.Іс-шара соңында шетел студенттері дастарханнан дәм татып, өз алғыстарын білдірді.Студенттер белсенділік танытты.

«Қош келдің, Наурыз!»




20.03.2013

Наурыз — жыл басы тойы болып саналады. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

2013 жылдың  19 наурызда жалпы иммунология кафедрасында «Жалпы медицина» факультетінің 2 және 3 курс студенттері мен оқытушылардың ұйымдастыруымен «Қош келдің, Наурыз»  атты мерекелік іс- шара орын алды.

Шара бағдарламасында «Қош келдің, Наурыз» атты тақырыбындағы  плакаттар  сайысы өткізілді. Сайыстың барысында әр плакат авторлары өз жұмыстарының презентациялады.  Сайыс барысында студенттер күшімен шағын концерт ұйымдастырылды – Буркиталиев Абдисамат «Үкілі қыз», Арынтай Таншолпан  «Жезкиік » атты әндерді орындады, мерекелік өлендер оқылды. Концерт жүргізушілері де студенттер арасынан болды – Солтангулов Арман, Тастанова Ақерке.

Сайыс қорытынды бойынша 3 орынды 2 курс студенттері 031-1топ, 3 курс студенттері 001-2 топ және 002-1 топ студенттері иеленді. 002-2 топ студенттері 2 орынды коржынына байлады. Ал 1 орынды 001-1 топ студенттері иеленді.  Жеңіп шыққандар қазақ ұлттық сувенирлерімен марапатталды.

Кафедра ұжымы қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары –бауырсақ, наурыз көже әзірлеп, дәстүрлі дастарқан жайды. Қатысушылар үлкен ықласпен дастарқаннан дәм татты.

Аға тьютор Нұрмұхамбетова  Ә.Ә.

«Қош келдің, Наурыз!»




17.04.2010

15-сәуір күні «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік-топтық сайыс болып өтті.
Жастардың бойында салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпты насихаттау туралы түсінікті қалыптастырып,тарихи құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында өткен мерекелік сайыс өте сәтті болды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің студенттері бұл сайыс бойынша 4-түрлі сынақтан өтті. Әрбір топтың студенттері бірнеше ауылға бірігіп, таныстыру, өз өнері, салт-дәстүр туралы сұрақтар, ұлттық ойындар ойнау кезеңдерінен тұрды. Әрбір ауыл өнерпаздары ән айтып, би билеп, күй тартып, көркем сөз, өлеңдер оқыды. (толығырақ…)