ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, «Виртуозы Алматы» жаңа жас аспаптар оркестрінің концерті




29.11.2016

2016 жылдың 25 қарашасында C. Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ«Concordia» театрында Университет әкімшілігінің қолдауымен «Concordia шақырады» бағдарламасы аясында және мәдени танымдық бағытта ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, «Виртуозы Алматы» жаңа жасаспаптар оркестрінің алғаш классикалық музыка концерті өтті.

Группаның көркемдік жетекшісі және мүшесі, халықаралық конкурстардың лауреаты – Амир Бисенгалиев. Дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Юрий Дороховский. Кеште Бах, Моцарт, Вивальди, Паганини және Құрманғазының атақты шығармалары орындалды. ҚазҰМУ студенттері мен оқытушыларынан құралған көрермендер, жас аспаптар оркестрінің  концертін жылы қабылдап, әлемдік музыканың әуеніне тамсанып тарқасты.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің классикалық музыкаға қызығушылығын ояту. Залдың асқақ қошеметі және көрермен мен сазгерлердің  жүзіндегі ризашылық, тамылжыған күйдің санаға ұялап қана емес, жүректерде өз орнын табарын аңғартқандай.