«Радикалды діни көзқарастардың теріс әсерлері»




17.03.2014

2014 жылғы 15 наурыз қалыпты анатомия кафедрасының тьюторлары мен жалпы медицина факультетінің ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы №1 аудиторияда «Радикалды діни көзқарастардың теріс әсерлері» атты сұхбат өткізілді.  Алматы қаласының  «Орбита» мешітінің  өкілдерімен кездесті.

Іс-шара қонақтары: Алматы қаласының  «Орбита» мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы Тілеубердиев.  Сұхбат кешіне ректордың кеңесшісі профессор Мустафина Ж.Г., студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің директоры Л.С. Шыңғысбаев, ЖМ факультетінің деканы Жумашева Р.Т., 1 -курс студенттерінің декан орынбасары  Курманғалиева Ж.Ж. шақырылды, қалыпты анатомия кафедрасының барлық тьюторлары  қатысты.

Кездесу алдымен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі профессор Досаев Т.М. алғы сөз сөйлеп, студенттерді  діни сауатты болуға шақырды.  «Діни экстремизм дегеніміз не?» атты доклад оқылды. Содан соң дәстүрлі емес діни ағымдар туралы ақпарат беретін бейне-фильм көрсетілімінен бастау алды. Кездесуде қонақтар діни сауалдарға жауап беріп, қазіргі қоғамдағы дін тұрғысынан маңызды мәселелерді қозғады. Әсіресе студенттердің теріс ағымдардың жетегінде кетуі, діни сауатсыздықтың кесірінен түрлі түсініспеушіліктердің белең алуы. Қонақтар студенттердің көптеген сұрақтарына  жауап берді. Кездесу қатысушылардың діни қызметкерлерімен терең сұхбат жүргізуімен және қорытынды ойларын бөлісуімен  тәмамдалды. Қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі келген қонақтарға  барлық студенттер және оқытушылар атынан алғыс білдірді.