Республикалық ғылыми- медициналық кітапхананың қызметі туралы анықтама




01.04.2011

Қазақстан Республикасының ғылыми-медициналық кітапханасы 1939 жылдың 29  мамырында  Кеңес Одағының Денсаулық сақтау комитетінің 351 нөмірлі бұйрығына сәйкес құрылған.

ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсанда 335 нөмірлі қаулысы және Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылдың 23 сәүірдегі 212 нөмірлі бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеме ретінде қайта құрылды.

ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 28 .тамызындағы  840 нөмірлі қаулысымен С.Ж. Асфендияров атыңдағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің құрамына қосылды.

Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана (РҒМК) құрылғалы бері  190 мыңнан астам оқырмандарға қызмет көрсетті. Осы оқырмандар кітапханаға 1,6 млн рет келді.

РҒМК мемлекетіміздің медициналық қауымына ақпараттық процесстермен  қамтамасыз ететін игілігі мен байлығы болып есептеледі.

Ол республикадағы денсаулық сақтау саласында ең ірі  медицина проблемалары жөніндегі әдебиет қоры, ғылыми медицина саласындағы және дәрігер мамандарға кітапханалық және ақпаратты-библиографиялық қызмет көрсету жөніңдегі, және республикада осы саладағы кітапханалардың ғылыми-ұйымдастыру әдістемелік орталығы болып есептеледі.

Кітапхананың басты мақсаты денсаулық сақтау саласыңдағы ғалымдар мен практикалық мамандарға, ғылыми-зерттеу ұйымдарына, мекемелерге, кәсіп- орындарға халық денсаулық сақтау проблемалары жөнінде жаңа ақпараттарды жеткізу, және сол жетістіктерді іс жүзіне асуына ықпал жасау.

Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана  қорында 350193 дана басылымдары бар. Әр қайсысы 1-2 данадан. Соның ішінде мемлекеттік тілдегі басылымдар саны -1552 дана.

Басылымдар қорында революцияға дейіңгі ірі ғалым-дәрігерлердің сирек кездесетің еңбектері де бар.

Бүгінгі күнде Республикалық ғылыми-медициналық кітапханамен 3664 оқырман пайдаланады. Олар кітапханаға 45839 рет келді, немесе әр оқырман кітапханаға жылына 12 рет келеді.

Бір жылда оқырмандар 169437 дана кітап оқыды, немесе әр оқырманға 46 кітаптан келді.

РҒМК-да Республикалық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйе   бар (РАБИС). Осы жүйенің арқасыңда түскен жаңа басылымдар электрондық каталогқа еңгізілді. Электрондық каталогқа 53458 дана басылымдары еңгізілген. Соның ішінде: кітаптар – 2962, авторефераттар – 3952, жұрнал мақалалары- 46544.  РҒМК-дағы компьютерлер жүйесі әлемдік Интернетке қосылған. Электрондық пошта жұмыс істейді.( r n m b  @  yandeх. ru).

РҒМК оқырмандарының әлеуметтік құрамы: 36,3%  – ғылыми қызметкерлер, (соның ішінде  18,5% – аспиранттар мен ординаторлар), 29,5%  – дәрігерлер, 19,7%  -ұстаздар, 11%  – студенттер, 0,5%  – орта бұынды медицина қызметкерлері, және 2 %  – басқа оқырмандар.

РҒМК – да кітапхана аралық абонемент (КАА) жұмыс істейді.

Ақпараттық-көпшілік жұмыс бойынша – 72 көрме ашылды.

Республикада 67 медициналық кітапхана жұмыс істейді. Соның ішінде:  РҒМК – 1,  ғылыми орталықтар мен ғылымизерттеу институттар – 14, медицина университеттер мен академия – 9, медициналық колледждер – 23, емдеу- профилактикалык мекемелердің кітапханалары – 20. Барлық медициналық кітапханаларда – 234 қызметкерлер еңбек етеді.

РҒМК базасында республикадағы медициналық кітапхана қызметкерлері  кітапхана ісі жөніңдегі білімдерін жетілдіру және аттестациядан өтуі жүргізіледі.

РҒМК республикадағы ғылыми-медициналық кітапханалардан жылдық нeгізгі сапа көрсеткіштерін қабылдап топтайды.

Республикалық ғылыми-медициналық кітапханада кітапханашыларға арналған «Медициналық кітапханалардың қызметін ұйымдастыру», және «1970 – 2005ж.ж. әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру көрсеткіштері» атты кітаптар шығарылды.

РҒМК-сы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулықты дамыту  институтымен бірігіп зерттеген ғылыми ізденістердің нәтижелері мынаны көрсетті: Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың орта есеппен алғанда – 75% өз мемлекетіміздегі медициналық жаңалықтарды, 85% шетелдегі медициналық жетістіктер жөнінде хабарсыз.

Ол дәрігерлердің тең жартысының ғылыми-медициналық басылымдарын пайдалуына мүмкіндік жоқ екенін көрсетеді. 2/3 дәрігерлердің ғылыми ақпаратты пайдалану мүмкіндігі шектелген және оларға қолжетерлік ғылыми-ақпарат жеткіліксіз көлемде.

Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана бүгінгі технология мен байланыс түрлері арқасында оқырмандарға тек қағаз жүзіңдегі тасымалдау ақпа-раттарды емес, электрондық ақпарақтық ресурстар арқылы байланыстыра алатын мүмкіндіктері бар.

Республикалық ғылыми медициналық кітапхананы пайдалану ережесі

1. Республикалық ғылыми-медициналық кітапхананы пайдалану  құқығы емдеу-профилактикалық мекемелердің, ұйымдардың медициналық қызметкерлеріне, ғылыми орталықтардың және  ғылыми-зерттеу институттардың қызметкерлеріне, медицина университеттерінің, академияларының, колледждердің, дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының профессор-оқытушылар құрамына және соңғы аталған институт курсанттарына беріледі. Мемлекеттік емес ұйымдардың оқырмандары келісім-шартпен қызмет көрсетіледі.

Ескерту: Ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданатын дәрігер-интерналар, студенттер және медицинамен шектес салада жұмыс істейтін қызметкерлерге кітапханамен  пайдалану құқығы тек оқырман залымен шектеледі.

2.  Кітапханаға тіркелу үшін оқырманның міндетті түрде жеке күәлігі, жұмыс орнынан анықтама, 1-фотосурет  ( 3х4 ) , дәрігерлер білімін жетілдіру институтының курсанттарына жеке күәлігі және институтқа кіретін билеті қажет.

Ескерту: Алматы қаласында уақытша болған медицина қызметкерлері кітапхананың оқырман залына жеке күәлігі арқылы жіберіледі.

3.  Кітапханаға тіркелу алдында оқырман кітапхананы пайдалану ережелерімен танысуы қажет және оны орындау міндеті жөнінде оқырман формулярына қол қояды.

4.  Кітаптар оқырманның жеке өзіне беріледі. Үйге уақытша пайдалануға 10 күнге 5 данаға дейін кітап және жұрнал беріледі.

5. Егер оқырман кітаптарды көрсетілген мерзімінен кітапхана келісімінсіз уақытында қайтармаса онда оған әр данаға, әр тәулікке 100 тенге айып салынады.

6. Түрлі шығармалардың жалғыз данасы және бағалы кітаптар, атластар, нұсқаулар, сөздіктер, анықтамалар үйге берілмейді, олармен оқу залында ғана пайдалануға болады.

7.  Оқырман оқу залында кітаппен жұмыс  істеу үшін 12 кітапті бірден алу үшін талап етуге құқы бар. Қайта талап тек қана бұрынғы алған кітапті өткізгеннен кейін қабылданады.

8. Оқу залына алынған  кітаптарды оқырман өтініші бойынша 1 күнге броне-сөреде қалдыру мүмкін. Егер оқырман келмесе олар оқу залындағы басқа оқырманға берілуі мүмкін одан соң бұрынғы орнына қайтарылуы қажет.

9. Оқу залынан кітап, жұрнал және басқа шығармаларды рұқсатсыз алып кеткен оқырман кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.

10. Оқырман үйге алынған әр кітабы үшін оқырман формулярына қол қояды. Оқу залына алған кітаптар үшін оқырман  кітап немесе жұрнал формулярына қол қояды.

11. Кітапті алғаннан  кейін оқырман міндетті түрде кітап жағдайын тексеру қажет, ақау тапса оны кезекті кітапханашыға хабарлауы қажет. Егер өйтпесе табылған ақауға соңғы пайдаланған оқырман жауапты.

12. Жоғалған немесе бүлінген кітаптар және басқа шығармаларды оқырман  міндетті түрде сол шығармалармен немесе ксерокөшірмелерімен немесе кітапхананың солармен тең дейін шығармалармен ауыстыру қажет, олай болмаған жағдайда олардың орнын 10 есе нарықтық құны деңгейінде толтырылады.

Жоғалған жұрналдар тек қана ксеро-көшірмелермен ауыстырылады.

13. Кітапхана қызметкерінің міндеттері:

13.1.Кітаптардың  уақтылы қайтуын жүйелі түрде  тұрақты бақылау.

13.2. Оқу залына және үйге кезекті кітап беру  тек қана оқырманның бұрынғы пайдаланған мерзімі өткен кітаптарды өткізгеннен кейін беріледі.

13.3. Оқырман  қайтарған кітаптарды қарап, олардың жағдайын, ақау  бар жоғын тексеріп, оқырман формалярындағы инвентарь номерін, шығарма атын, оқырман қолын өшіргеннен кейін кітапті оқырманнан алғаны жөнінде растайтын қол қою керек.

Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 151

Телефондар: 2924466, 2924365

Жұмыс уақыты: 8.00 ден – 18. 00 ге дейін

Сенбі күні 9.00 ден 17.00 ге дейін

Директор Анамбаев Ибадулла Анамбайұлы

Тел. 2924466