Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі




16.02.2011

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2011 жылдың 22 сәуірінде медицина ғылымдарының докторы, академик А.Р.Рақышевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасындағы ұлттық медициналық терминологияның қалыптасуы мен даму жолдары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Конференция төмендегідей секциялар бойынша жұмыс істейді:

● Академик А.Р.Рақышев және ұлттық медицина терминологиясы.

●Ұлттық медицина ғылымы: қазіргі ахуалы мен болашағы.

● Медициналық оқу орындарында пәндерді оқытуда ұлт тілінің қызметі.

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

● Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады.

● Материалдың көлемі – 4-5 бет. Материал беттің төрт жағынан да 2 см-ден бос орын қалдырып, 1 интервалмен KZ Times New Roman (14 pt), Times New Roman шрифтімен теріледі.

● Мақала атауы беттің ортасына, оң жақ жоғары бұрышқа автордың аты-жөні, дәрежесі көрсетіледі. Автордың аты-жөнінің төменгі жағына қала мен мекеменің атауы жақша ішінде жазылуы тиіс.

● Файлдың форматы RTF немесе Word мәтіндік редактордың жүйесінде басылып (3,5 дюйм), электронды нұсқасы қоса өткізілуі тиіс. Мәтін ішіндегі айрықша сөздер мен тілдік бірліктер курсивпен теріледі.

● Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі, мәтіндегі сілтеме нөмірі квадрат жақшамен (мысалы, [1,28]) орналасу тәртібіне сай көрсетілуі тиіс. Мақаланың соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі түйіні болуы қажет.

· Мақала құны – тегін

· Ұйымдастыру комитеті мақала сапасы талапқа сай болмаған жағдайда жинаққа жібермеуге құқылы.

· Баяндама мәтінін 2011 жылдың 31 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне жіберулеріңізді сұраймыз.

Конференция шығыны қатысушылардың есебінен.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, қазақ тілі кафедрасы.

Телефон: 8(7272) 2926969 (292,291)

8.705-600-53-21, 8.701-357-71-77, 8.777-199-71-49, 8.701-315-07-99

E-mail: [email protected]

E-mail: [email protected]