Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары және студенттер!




29.08.2014

 Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары және студенттер!

Сіздерді жаңа оқу жылының бастау алғанына қуана отырып, «1 қыркүйек күні  – Білім күні» және «30 тамыз – ҚР Конституция күніне» орай өтетін салтанатты іс-шараға шақырамыз!

Салтанатты жиын  ректорат алаңында (Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94)  1 қыркүйек күні сағат 10.00-де бастау алады. Жаңа оқу жылының басталу рәсіміне университет әкімшілігі, оқытушы-профессорлық құрам, жоғары курс студенттері және университетімізге алғашқы қадамдарын басып отырған 1 курс студенттері қатысады.

Іс-шарадан соң 1 курс студенттері сағат 11.30-да «Сoncordia» театрында университет ректорымен кездеседі. Ректормен кездесуден кейін студенттер өзіне қарасты факультет декандарымен кездеседі.                                                                                                                           Ұстаздарды аталмыш мерекемен құттықтап, баршаңызды салтанатты жиында күтеміз!