Құрметті оқытушылар, студенттер!




23.11.2012

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» мемлекеттік мерекесі аясында 2012 жыл 1 желтоқсан күні сағат 11:00-де  «Медеу» биік таулы спорт кешенінде мерекелік шара және еліміздің белгілі спорт шеберлерінің қатысуымен түрлі  спорт ойындарынан жарыстар өтеді.

«Медеу» биік таулы спорт кешеніне барушыларды Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов пен Абай көшелерінің қиылысында сағат 09:00-ден 15:00 аралығында автобустар күтеді.

 

«Медеу» биік таулы спорт кешеніне кіру тегін.