ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!




11.07.2014

Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беруді жетілдіру және дәрігерлерді, мейірбикелерді, фармация мамандарын даярлау бойынша ең үздік тәжірибелерді енгізу мақсатымен Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің өткізетін реформаларының аясында Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен ҚР медициналық университеттері үшін әріптес университет ретінде Данди университеті (Ұлыбритания) анықталғандығы туралы хабардар етеміз.

Мына құрамдағы делегация –  Джон Конелл (JohnConnell), Данди университетінің проректоры, Медицина, стоматология және мейірбике ісі колледжінің жетекшісі және   Джин Скотт (CachiaJeanScott), инновация бойынша қауымдастырылған деканы, Клиникалық дағдылар орталығының директоры 2014 жылдың 16-18 шілде аралығында Қазақстанға келеді.

ҚазҰМУ-ға келу сапарының бағдарламасында –  16 шілде 2014 ж. Университет бөлімшелерінің (Коммуникативтік дағдылар орталығы, Тәжірибелік дағдылар орталығы, Стоматология институты, библиотека, мұражай, аудиториялар) қызметтерімен таныстыру, ҚазҰМУ басшылығымен кездесу, ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қою жоспарланып отыр.

17 шілде 2014 ж. «Астана» медициналық университетіне сапар және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Данди университеті клиникалық дағдыларды және симуляциялық білім беруде, денсаулық сақтаудағы менеджмент, медикалық-санитарлық көмек және денсаулық сақтау жүйесін жақсартудағы инновацияларда, дипломға дейін және дипломнан кейінгі білім беруде халықаралық абыройға ие;

Данди университетінің Медицина мектебі The Guardian нұсқасы бойынша Ұлыбританияның үздігі (2010); 2013 жылы өткізілген Ұлттық сұрақнама нәтижесіне сәйкес 100% студенттердің қанағаттанушылығын қамтыған Ұлыбританиядағы стоматология мектебі; Scientist журналының өткізген Бүкіләлемдік сұрақнама нәтижесіне сәйкес Еуропадағы «Академиядағы жұмыс үшін жақсы орын» және осы журналда (АҚШ-тан тыс) халықаралық институттар тізімінде үшінші орынға ие; ғылыми зерттеулер және сусамыр, рак және нейроғылым шегінде инновациялық медициналық зерттеулер бойынша Ұлыбританиядағы 1-ші Университет; анатомия және физиология және биологиялық ғылымдарды оқыту бойынша Шотландиядағы 1-ші Университет; медицинадағы ғылыми-зерттеу жұмыстары және өмір туралы ғылымдарда дәйек сөздер бойынша әлемдегі 5-ші Университет; Шотландиядағы клиникалық дағдылар және симуляциялық технологиялармен оқыту бойынша көшбасшы.

 

 

Ақпарат

 Университетті дамыту институтымен даярланды